Қазақстандық дәрігер: Симптомсыз науқастар ең қауіпті
Жарияланған күні:
Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры Раушан Тьесова-Бердалина бүгінгі тікелей эфир барысында коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларының ең қауіпті екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
"Ең қауіптісі – симптомсыз науқастар. Оларда ауру белгілері болмайды, алайда олар айналасына жұқтырады. Бүгінгі күні алғашқы медициналық көмек тиімді емес. Анықтау және табылуы - 4-14%, яғни пациенттердің 85 пайызы медициналық қызмет көрсету шеңберінен тыс қалуы мүмкін.
Егер олар (симптомсыз науқастар - ред.) тасымалдаушы екенін білген жағдайда, үйде өзін-өзі оқшаулау тиімдірек болады. Көпшілігі анамнезді білгені жөн. Егер олар қоғамдық орындарда, көпшілік жаппай жиналатын жерлерде, тойларда болса, онда вирусты тасымалдаушы адам болады. Бірақ мұны тек зертханалық зерттеулер арқылы анықтайды.
Коронавирус үшін бұл өте тиімді. Тасымалдау – аурудың ең қауіпті кезеңі", - деп түсіндірді дәрігер.
Естеріңізге сала кетейік, премьер-министр Асқар Мамин бұған дейін үкіметтің онлайн отырысында күзде туындауы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайын болуды, әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыруды тапсырған болатын.
Кеше ол Нұр-Сұлтан қаласындағы "СҚ-Фармация" логистикалық хабына барып, онда коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілердің бар-жоғымен және еліміздің денсаулық сақтау мекемелерін медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868398-kazakstandyk-driger-simptomsyz-naukastar-e-kauipti/