Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде "ұйықтап жатқан" полицейді видеоға түсірген азамат сынға ұшырады

Жарияланған күні:

Полиция
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанайда "ұйықтап жатқан" полицейді видеоға түсіріп, дөрекі сөйлеген қостанайлық азамат сынға ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Кадрдан жол бойында патрульдік көліктің тұрғанын көруге болады. Оның ішінде басын төмен түсірген полиция қызметкері отырған. Сол сәтте қызметтік көлік жанына ер адам келіп, тәртіп сақшысына жұмыс уақытында ұйықтап жатқаны үшін шүйлігеді. Шаршап тұрған құқыққорғау қызметкері бұл сөздерді теріске шығарғанымен, қостанайлық азамат шабуылын тоқтатпаған. Ол түрлі сөздермен полицейдің ашуына тиюге тырысқан.

"Мен жұмыс істеп, салық төлеп жүрсем, сен жұмыс уақытында ұйықтап жатырсың ба? Менің әкем полковник! Сен оның қайда істейтінін білмегенің жөн. Ол мұны білсе, сен бүгін-ақ погондарыңды шешетін боласың" , - деп бопсалаған ол полицейді.

Видео авторы тәртіп сақшысына бейәдеп сөздерді де жаудырған. Ал полиция қызметкері тұрғынның айтқанына ашуланбай, керісінше сабырға шақырған.

Аталмыш видео көпшіліктің ашуын тудырды. Желі қолданушылары қостанайлық азаматтың әрекеті ер адамға сай емес екенін айтып, аяусыз сөгіп тастады. Олар әрбір адамға сыйластық таныта білу керек екенін алға тартып, біреуді балағаттау тек адамның білімсіздігін көрсететінін айтты.

NUR.KZ редакциясы оқиғаға қатысты пікір алу үшін Қостанай облысының полиция департаментіне жүгінді. Шу тудырған видео тарап кеткен соң тәртіп сақшысына қатысты қызметтік тергеу басталды. Полиция қызметкерлері роликтің авторы жайлы да ақпар ұсынды. Ол 33 жастағы облыс тұрғыны болып шықты.

Билік өкілін балағаттаған азаматқа қатысты да тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868432-zelide-jyktap-zatkan-policejdi-videoga-tsirgen-azamat-synga-syrady/