Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда прокуратура қызметкері шулы аудиожазбадан соң қызметінен босатылды

Опубликовано:

Прокурор
Көрнекі фото: ehonews.kz

Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкері шулы жазбадан соң қызметінен босатылды. Алайда, қылмыс құрамы болмауына байланысты іс тоқтатылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Лада басылымына сілтеме жасап.

2020 жылдың мамыр айында желіде екі адамның тілдескені туралы видео жарияланды. Әңгіме Маңғыстау облысындағы прокурор мен "полицейдің" арасында болғаны айтылған.

Онда "тәртіп сақшысы" прокуратура қызметкеріне шағымын жеткізген. Ол бір "генерал" өзін жұмыстан шығарғысы келіп жүргенін айтқан. Ал прокуратура қызметкері болса, оны бұл мәселені шешетін адаммен таныстыруға уәде беріп, қызмет ақылы болатынын жеткізген. 

Осы шулы жағдайға байланысты бас прокуратураның ішкі тергеу департаменті қызметтік тексеріс жүргізген болатын.

"Тергеу қорытындысы бойынша қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды", - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы. 

Қызметтік тексеріс қорытындысына сәйкес, 2020 жылдың 28 шілдесінде Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкері қызметінен босатылды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қостанайда "ұйықтап жатқан" полицейді видеоға түсіріп, дөрекі сөйлеген азаматтың видеосы тараған болатын.

Кадрдан жол бойында патрульдік көліктің тұрғанын көруге болады. Оның ішінде басын төмен түсірген полиция қызметкері отырған. Сол сәтте қызметтік көлік жанына ер адам келіп, тәртіп сақшысына жұмыс уақытында ұйықтап жатқаны үшін шүйлігеді. Шаршап тұрған құқыққорғау қызметкері бұл сөздерді теріске шығарғанымен, қостанайлық азамат шабуылын тоқтатпаған. Ол түрлі сөздермен полицейдің ашуына тиюге тырысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868436-zelide-prokuror-men-policej-gimesi-tarap-ketti-tiisti-mekeme-sesim-sygardy/

pixel