RU

Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам әзірленуде

Telegram logo VKontakte logo

ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің орынбасары министрлік Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам жасап жатқанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

publicdomainpictures.net
Фото: publicdomainpictures.net

БАҚ өкілдері Қазақстандағы COVID-19 эпидемиясының дамуы туралы және қауіпті инфекцияның екінші толқыны қашан болатыны туралы сұрады.

Людмила Бюрабекова республикада КВИ эпидемиясының дамуына болжам шілде айында жасалғанын түсіндірді. Оның негізінде ел ауруханаларында, оның ішінде жансақтау бөлімшелерінде төсек қорын одан әрі кеңейту жоспарланды.

Дәрігерлердің қажетті санын қосқанда, COVID-19 бар науқастарды емдеуге арналған басқа ресурстарды жоспарлау бойынша жұмыс жүргізілді.

Алдын ала болжам бойынша, біздің елде коронавирустың екінші толқыны күзде болады. Бұл уақыт – суық тиіп ауырудың маусымдық жоғарылауы.

Бюрабекова аталған аурулардың негізінде болжам жасалып жатқанын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі бұл туралы жақын арада хабарлауға дайындалып жатыр. Қазір деректерді өзекті ету жұмыстары жүруде.

дәрігер

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 18 адам көз жұмған

Бұл 1 тамыздан бастап биліктің коронавирусқа ұқсас клиникалық көрінісі бар КВИ және пневмония туралы статистиканы біріктіргендігіне байланысты.

Еске салсақ, бұған дейін "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев үйде емдеуге арналған бес жаңа дәрі-дәрмек сатып алу туралы хабарлаған болатын. Бұл мақсаттарға 8,6 млрд теңге жұмсалатыны белгілі болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам әзірленуде