Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұхаммедали Жүгінісов: Қайрат Нұртастың шығармашылығы маған ұнамайды

Жарияланған күні:

Мұхаммедали Жүгінісов
Фото: Видеодан кадр

"Ағайынды Жүгінісовтер" тобының ең кенже мүшесі Мұхаммедали Жүгінісов отандық шоу-бизнес жұлдыздары жайлы ойын айтып, көпшілікті таңғалдырды. Жас өнерпаз бүгінгі эстраданың хитмені болып саналатын Қайрат Нұртастың шығармашылығын мүлдем ұнатпайтын болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ ShowNewsKZ бағдарламасына сілтеме жасап.

Мұхаммедали Жүгінісов тіпті Қайрат Нұртастың әндерін де тыңдамайтынын жасырмады. Ол талғамы мен таңдаған бағыты басқа болғандықтан, хитменнің шығармашылығы ұнамайтынын айтып тастады.

Жас өнерпаз сұхбаты барысында Қайрат Нұртаспен дуэт жазу мүмкіндігіне қатысты ашық жауап берді.

"Жоқ, ешқашан. Мүмкін емес. Ол кісімен дуэт жазбаймын, Себебі, шығармашылығы маған ұнамайды. Ойымды түсіндіріп өтіп кетейін. Қайраттың жанкүйерлері мені қазір жеп қоятынына күмәнім жоқ. Көбісі менің ойымды сынап жатқан болар. Бірақ, Қайрат Нұртастың қазіргі уақытта Қазақстанда танымал әрі әйгілі адамдардың бірі екенін мойындаймын. Ол кісіге өз шығармашылығы мен бағыты ұнайды. Бірақ, ол бағыт маған ұнамайды. Өйткені, менің бағытым басқа. Әндерін тыңдамаймын. Тек бір әні ұнайды. "Арман" деген" , - деді Мұхаммедали Жүгінісов.

Жас әнші сұхбатының соңында Қайрат Нұртастың "Арман" әнін шырқап жіберді.

Еске сала кетейк, бұған дейін желіде Қайрат Нұртастың енесімен түскен суреті тарап, көпшілікті тәнті еткен болатын.

Оған қоса, хитмен өзінің қара шаңырағына барып, бала күнін еске алды. Ол ата-анасының үйінде өткен балалық шағының баға жетпес кезеңі туралы бар шындықты айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1868931-mhammedali-zginisov-kajrat-nrtasty-sygarmasylygy-magan-namajdy/