RU

"Жүрегіне оқ тиген": Атырауда төбелес кезінде 18 жастағы танымал спортшы қайтыс болды (фото)

Telegram logo VKontakte logo

Талантты жас спортшы, грепплинг, қоян-қолтық ұрыс және джиу-джитсудан Атырау облысы құрама командасының мүшесі, жасөспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Сиғуатов Есенбек қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

спортшы

Фото: Атырау облыстық спорт басқармасы

Атырау облысының спорт басқармасы марқұмның жанұясына әлеуметтік желідегі парақшасында көңіл айтты.

"Сиғуатов Есенбек Тоқсанбайұлының мезгілсіз қаза болуына байланысты Атырау облысы спорттық қоғамы атынан марқұмның отбасы, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.

Салауатты өмір салтын бойына серік етіп, жас та болса әлемдік додаларда облысымыздың, қала берді еліміздің намысын абыроймен қорғаған өреніміздің қазасы туралы қаралы хабар қабырғамызды қайыстырды. Жаратушы Иеміз Алла алдынан жарылқасын. Спортшымыздың жарқын бейнесі ешқашан ұмытылмайды", - делінген хабарламада.

Ақ Жайық газеті таратқан ақпаратқа сәйкес, спортшы 9 тамызға қараған түні Дамбы мен Құрманғазы ауылдарының жігіттері арасындағы төбелес кезінде қаза тапқан.

Марқұмның жүрегіне оқ тиген. Спортшы бір апта бұрын ғана 18 жасқа толған еді.

Абай күні

Тағы да оқыңыздар

Абай күнінде дүниеге келген сәбиге ата-анасы ұлы ақынның есімін қойды

Осы оқиғаға қатысты Атырау облысының полиция департаменті әзірге түсініктеме берген жоқ. Ал жергілікті тұрғындардың айтуынша, келесі күні Дамбыда тәртіп сақшылары рейд жүргізген.

спорт

Фото: Атырау облысының әкімдігі

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiровтің өмірден өткенін хабарлаған болатынбыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты спортшының қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Жүрегіне оқ тиген": Атырауда төбелес кезінде 18 жастағы танымал спортшы қайтыс болды (фото)