Елбасы Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
Опубликовано:
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады KAZ.NUR.KZ порталы elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жақсылық Үшкемпіровтің өмірдегі әрбір қадамы мен атқарған істері өзінің есіміне сай, жан-жағына тек жақсылық пен ізгіліктің шуағын шашып жүретін, халқымыздың шынайы мақтанышына айналған ұлы перзенттерінің бірі болғанын атап өтті.
"Ол грек-рим күресі бойынша қазаққа алғашқы болып әлемнің ең басты атағын сыйлады. Кәсіпкерлікпен де табысты айналысып, ел экономикасының өркендеуіне лайықты үлесін қоса білді. Қайырымдылық іс-шараларға белсене атсалысып, кәсіпкерлік тәжірибесін өзгелермен бөлісіп, жақсы үлгі мен өнеге көрсетті.
Мен онымен өткізген кездесулерімді әркез ризашылықпен еске аламын. Отандастарымыз да оның есімі мен еңбегін ұмытпайды деп сенемін", - делінген жеделхатта.
Еске сала кетсек, бүгін Мәскеу олимпиадасының жеңімпазы, ардагер спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің алпыз тоғыз жасында өмірден озғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867757-elbasy-zaksylyk-skempirovti-zakyndaryna-kil-ajtty/