Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз үйін мектеп қылмақ еді": Белгілі телепродюсер Бейсен Құранбекті еске алды

Жарияланған күні:

Бейсен Құранбек
Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova

Отандық танымал телепродюсер Әлия Құдайбергенова Бейсен Құранбек туралы жазылған естелік кітаптың жарыққа шыққанын хабарлады. Белгілі тележүргізушімен он жылға жуық бірге жұмыс істеген маман оған кезекті жазбасын арнап, марқұмға қатысты көпшілік білмейтін жайттарды айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлия Құдайбергенова телевизиядағы ағасы туралы жантебірентерлік жазбаны Instagram парақшасында жариялаған. Онда ол тележүргізушіге деген бар сағынышын жеткізді.

Оған қоса, Құдайбергенованың айтуынша, Бейсен Құранбек болашақта өзі тұрған үйді балаларды оқытатын мектеп жасауды жоспарлаған.

Сонымен қатар, телепродюсер Бейсен Құранбек туралы кітапты қайдан алуға болатынын айтты.

"Аға туралы естелік кітап шықты. Дос-жараны, сыйлас аға-іні, әпке-қарындас, әріптестері мен шәкірттері естелік жазды. Бейсен ағаның бекзат болмысын, қайталанбас тұлғасын, ғибратты ғұмырын, қазағына деген шексіз махаббатын, қара нардай сырбаз мінезін, асқақ рухын, аса биік, аса шын абырой, беделін тауыса алмай, әркім өз Бейсенін жазды, мұнда. Қазірге жақындарына ғана таратылды. Сосын қайта басылып, шығып жатса, сіздер де оқырсыздар. Қазірге бірнешеуін Жамбыл кітапханасына өткіздік, сонда бар.

Бүгін парақтадым, кітапты... Алатаудай биік едіңіз Сіз деген! Күндей жарық едіңіз Сіз деген! Аспандай мейірбан, кең едіңіз Сіз деген! Айтарым көп. Болашақта ағаның жоспарлаған қанша игі істері атқарылар, талай кітабы шығар, өз атынан мектебі де ашылар, талай журналист сіздің атыңыздағы жүлдені жеңіп алар.

Гүлмира апайға (жарына): “Болашақта мына тұрып жатқан үйді осындағы қазақ балаларына арнап мектеп ашамыз. Олар жан-жақты, сапалы білім алуы керек. Ал, өзіміз шағын үй салып, сонда тұра береміз” дейді екен. Бұл ағаның бір ғана арманы, жоспары. Аға бүгінмен ғана, бір күнмен ғана ғұмыр кешкен жоқ. Ол ұлттық деңгейде ойналанатын адам еді, сосын да шығар ұлттың ұлы боп кеткені" , - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869352-z-jin-mektep-kylmak-edi-belgili-teleproduser-bejsen-kranbekti-eske-aldy/