Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин алынған соң Алматыдағы сауда орталығында ұзын-сонар кезек пайда болды

Жарияланған күні:

кезек
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыдағы Grand Park орталығында ұзын-сонар кезек пайда болды. Адамдар күннің ыстығына қарамастан сауда орталығының алдында саптай тізіліп тұр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Күзетшінің айтуынша, іштегі дүкендердің бірі жаппай сатылым болатынын хабарлаған. Ал ішке тек санитарлық нормаға сәйкес бірнеше адамнан ғана кіреді.

Кезекте тұрған адамдар әлеуметтік ара қашықтықты сақтап тұрғанын айта кеткен жөн. Сонымен бірге кезек күткен қалалықтар ғимараттың ішінде емес сыртында тұр.

Кіреберісте күзетшілер қызу өлшегішпен келушілердің дене қызуын өлшеуде. Ал іште алматылықтарға маска кию керек екендігі үнемі ескертілуде.

Жеңілдік жасалған дүкен кассасында да кеезк күткен адамдар көп. Адамдар үлкен пакеттермен шығуда.

"Мұнда 50%-ға дейін жеңілдік болып жатыр", - деді қыздардың бірі.

Ал тұрақты сатып алушылардың сөзіне сүйенсек, аталмыш дүкен танымал болғандықтан, мұнда үнемі адам көп болады.

"Мұнда киім қымбат емес, карантин кезінде дүкен жабық болғандықтан қазір бәрі келіп отыр. Бірақ мұнда үнемі осындай кезек", - дейді әйел.

Кейбір адамдар карантин кезінде еш нәрсе сатып ала алмағандықтан шопинг жасауға келгендерін айтты.

сауда орта
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еске сала кетсек, бүгін, 17 тамыздан бастап күшейтілген карантин шаралары алынып, бірнеше нысандардың жұмысы қайта жанданды. Солардың қатарында сауда орталықтары да бар.

Айта кетсек, ел аумағындағы карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысында толығырақ баяндалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869829-karantin-alyngan-so-almatydagy-sauda-ortalygynda-zyn-sonar-kezek-pajda-boldy/