Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғыс айтты

Опубликовано:

Димаш1
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғыс айтып, жүрекжарды лебізін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Бүгін Польшада "Димаш" радиосы ашылғанын білдім. Құрметті менің Dears-тарым (Димаштың фанаттары), менің шығармашылық жұмысыма арналған радио ашқандарыңыз үшін үлкен алғыс айтамын. Осындай радио алғаш Аргентинада, одан кейін Польшада ашылған еді. Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жүрсіздер. Әлемде әнші көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз", – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасында.
Димаш1
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Еске сала кетсек , әлемге танымал қазақстандық әншінің Польшадағы жанкүйерлері "Димаш" радиосын ашқаны туралы жазған болатынбыз. Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын.

Айта кету керек, Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны жарық көрді. Бейнебаян жұрттың жүрегін елжіреткен болатын.

Оған қоса, Димаш 1,4 миллионнан астам дауыс жинап, кезекті рет Қытайдағы "Ең танымал шетелдік әртіс" атағын жеңіп алған еді.

Биыл 8 маусымнан бастап, Ригадағы танымал "PIK 100FM" радио толқынында алғаш рет Димаш Құдайбергеннің әндері шырқалды. Бұл жайт тума таланттың латвиялық жанкүйерлерін аса қатты қуантқан. Әншінің тыңдармандары оның отанының тарихы мен мәдениетін зерттеп, қазақ тілін үйренуді бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870700-dimas-kdajbergen-radio-askan-polsalyk-fanattarga-algys-ajtty/

pixel