Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Қытайдағы "Ең үздік шетелдік әртіс" атағын жеңіп алды

Опубликовано:

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 1,4 миллионнан астам дауыс жинап, кезекті рет Қытайдағы "Ең танымал шетелдік әртіс" атағын жеңіп алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Қытайдағы "Ең үздік шетелдік әртіс" атағын жеңіп алды
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash: Instagram

Димаштың жетістіктер қоржынындағы тағы бір марапаты жайлы оның Dimash News атты фан-сайты хабарлады. Порталдың хабарлауынша, "Ең танымал шетелдік әртіс" атағын Димашқа қытайлық Sina платформасы берген, оның тыңдаушылары үш апта бойы сүйікті әншілеріне дауыс беріпті. Нәтижесінде, қазақстандық талант 1,4 миллионнан астам дауыс жинап, жеңіске жетті.

Димаш Қытайдағы "Ең үздік шетелдік әртіс" атағын жеңіп алды
Фото: dimashnews.com: UGC

Sina – ғаламдық хабар алмасу платформасы, оны бүкіл әлем бойынша 100 миллионға жуық адам пайдаланады. Ол Қытайдың ойын-сауық индустриясы мен медиа кеңістігіндегі беделді компаниялардың бірі.

Сонымен қатар, бұл платформа музыкалық топтардың жанкүйерлері мен әртістер арасында өте танымал, деп жазады сайт. Платформада жүргізілген сауалнаманың басты мақсаты – платформаны пайдаланушылар бірінші жартыжылдықта үздік деп таныған фильмдер, телешоулар, әндер мен әртістерді насихаттау.

Еске салайық, өткен аптада Димаш Құдайберген Қытайдың жаңа шоуында қонақ болды. Қазақ ұлы Ухандық медицина қызметкерлерін қолдау үшін ұйымдастырылған кеште өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1862670-dimas-kytajdagy-e-zdik-seteldik-rtis-atagyn-zeip-aldy/

pixel