Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиырдың зәрі мен адыраспан: Коронавирустан әлем жұрты қалай қорғанып жүр

Опубликовано:

Сиырдың зәрі. Көрнекі фото
Сиырдың зәрі. Көрнекі фото: https://interesnoznat.com/

Коронавирус індетінен ем іздеген кей елдердің халқы әлем жұртшылығының таңданысын тудыруда. Олар дәрі-дәрмекті шипа етуден гөрі өзгеше таңғаларлық әдістермен емделуді жөн санаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Интересно знать" журналына сілтеме жасап.

Сиырдың зәрі

COVID-19 дертімен күресте ең оғаш әдіске жүгінген ел - Үндістан. Сиырды қасиетті санайтын үндістандықтар оның зәрі кез келген дертке шипа болатынына сенімді. Тіпті коронавирусты да ірі қараның зәрімен емдеуге кіріскен. Ол үшін тек екі шарт орындалуы тиіс екен - сиыр "пәк" болуы тиіс әрі оның зәрін күн шыққанға дейін ішіп үлгеру керек екен-мыс. Алайда ақылға қонымсыз бұл ем түрі көпшіліктің қатаң сынына ілігуде.

Адыраспан

Адыраспан. Көрнекі фото
Адыраспан. Көрнекі фото: https://interesnoznat.com/

Түркіменстан халқы болса коронавирустан адыраспан құтқаратынына сенім білдіруде. Ел президенті үйді адыраспандаса, оның түтіні дертке шипа болатынын алға тартқан. Ол коронавирусты жұқтырмау үшін ата-бабадан қалған адыраспандау дәстүрін пайдалануға кеңес берді.

Сарымсақ

Сарымсақ. Көрнекі фото
Сарымсақ. Көрнекі фото: https://interesnoznat.com/

Ал Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров болса, халқына сарымсақ жеу керектігін айтуда. Ол сарымсақ жеп, лимон мен бал араласқан суды ішу қанды тазартатынын алға тартып, көпшілікке осы әдіспен коронавирустан емделуге кеңес берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870723-siyrdy-zri-men-adyraspan-koronavirustan-lem-zrty-kalaj-korganyp-zr/

pixel