jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыға қыркүйек айында карантин енгізіле ме: Бекшин жауап берді

    Коронавирус Алматы қаласы
    Көрнекі фото: : NUR.KZ/ Петр Карандашов

    Алматы қаласы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі өткен онлайн брифингте қыркүйек айында қалаға карантин енгізіле ме деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жандарбек Бекшин карантин шаралары қыркүйек айында бәсеңдей ме деген сауалға да жауап қатты. Оның сөзінше, қазіргі шектеу шараларын жеңілдетудің нәтижесін екі -үш аптадан кейін инкубациялық кезең аяқталған соң көруге болады.

    "Әрине, карантин болмайды. Бірақ, жағдай қиындап кетсе, шектеу шараларын енгізуге тура келеді. Егер жағдай жақсы болса, шектеу шараларын жеңілдету мәселелері қаралатын болады. Біз халықтың қалыпты өмірге оралғанын қалаймыз. Біздің жанұяларымыз да шектеу жағдайында отыр",- деді санитар дәрігер.

    Бекшиннің сөзінше, қазір елде ауру жұқтыру деңгейі бәсеңдеп келеді. Осыған дейін күнделікті өсім 3,5 пайыз болса, қазіргі көрсеткіш 0,1 пайызды құрап отыр.

    Айта кетейік, бүгінгі онлайн-брифинг барысында Алматы бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин алдағы демалыс күндері оңтүстік астанада қандай нысандар жұмыс істемейтінін айтқан еді.

    "Біз тауларды ашқан соң әр бұтақтың астынан пикниктер ұйымдастырып, кәуап пісіргендерді көрдік. Демалыс күндері бұрынғы тыйымдар сақталады, базарлар мен сұлулық салондары, моншалар мен сауналар жұмыс істемейді.

    Қала тұрғындарына үндеу жасағым келеді. Біз тек қатаң шараларды сақтау арқылы ғана қаладағы жағдайды тұрақтандыра алдық. Әйтпеген жағдайда коронавирус тарауының тағы бір қаупі туындайды",- деген еді Бекшин.

    Алматыға қыркүйек айында карантин енгізіле ме: Бекшин жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.