Марғұлан Сейсембай Саакашвилидің серіктесі болды: Енді ол екі елге қызмет етеді
Жарияланған күні:
Украиналық саясаткер Михаил Саакашвили танымал қазақстандық кәсіпкер әрі қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай өзінің серіктесі болғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ Грузияның экс-президентінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.
Михаил Николаевичтің сөзінше, қазақстандық кәсіпкер қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесінің қызметіндегі оның ресми серіктесі болды
"Марғұлан - асыра сілтемесіз көрнекті тұлға. Қазақстанның мыңдаған ауылдарының бірінен шыққан қарапайым жігіт үлкен бизнес-империя құрып, мультимиллионер атанып, Форбс тізімінің ТОП-50-іне кіре алды", - деді Саакашвили өзінің серіктесі туралы.
Ол Сейсембайдың жетістігі төккен тері мен еткен еңбігінің арқасында екенін айтты. Қазақстандық кәсіпкр өз отанынан жырақта да үлкен жетістіктерге жеткен.
"Марғұланның міндеттеріне реформалар мен заң жобаларын, сондай-ақ Кеңсенің барлық халықаралық қызметін қамтамасыз ету процестерінің тиімділігін арттыру кіреді", - деді украиналық саясаткер.
Өз кезегінде Марғұлан Сейсембай Facebook парақшасында жазба жариялап, Михаил Саакашвилимен серіктестігі туралы айтты.
"Бұдан былай мен Михаил Саакашвилидің серіктесімін және мен оған барлық қолдауды көрсетемін және онымен Украинаның игілігі мен болашағы үшін жұмыс істейтін боламын.
Белсендінің сөзінше, ол Қазақстаннан кетпейді. Екі елде бірдей жұмыс істемек ниетте.
Еске сала кетсек, белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай коронавирус инфекциясына байланысты елде қабылданып жатқан шешімдерді сынның астына алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871962-marglan-sejsembaj-saakasvilidi-seriktesi-boldy-endi-ol-eki-elge-kyzmet-etedi/