Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең әдемі дәретхана жұрт назарын өзіне аударуда

Жарияланған күні:

дәретхана
Фото: bigpicture.ru

Норвегияның Гильдескол ауданы өзінің таңғажайып табиғатымен танымал. Сол себепті сәулетшілер өңірге келетін туристердің қамын ойлап, теңіз жағалауында толқынға ұқсас дәретханасы бар демалыс орнын салған деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ға сілтеме жасап.

2018 жылдың мамыр айының соңында Норвегияның Гильдескол коммунасында Уреддплассен атты жаңа бақылау алаңы ашылды. Бұл жерден теңіз бен Лофотен аралдарына керемет көрініс ашылады.

дәретхана
Фото: bigpicture.ru

Алаңның жанынан сәулеттік жобаның маңызды элементтерінің біріне айналған ерекше дәретхана салынған, оның жалпы құны 2 млн долларды құрайды.

Ғимараттың сырт келбеті толқынға ұқсас әрі жарықтандырылған. Дәретханада қызғылт түсті норвегиялық мәрмәр орындықтар мен теңіздің жағасына шығатын баспалдақ бар.

Дәретхана
Фото: bigpicture.ru

Сонымен қатар, 1943 жылы ақпанда нацистік минаның салдарынан осы суға батып кеткен "Уредд" кемесінің бортында қайтыс болған 42 матросқа арналған ескерткіш бар.

Отыратын орын бетоннан және әйнектен жасалған.

Дәретхана
Фото: bigpicture.ru

Дәретхана
Фото: bigpicture.ru

Дәретхана
Фото: bigpicture.ru

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін өзі армандаған үйін бір жарым айда салып, бар-жоғы 9000 доллар жұмсаған ер адам жайлы жазған едік.

Таиландта күмбезді үйлер салумен айналысатын досына сапарлатып барғаннан кейін Стив өзі баспаналы болуды мақсат еткен.

Ойлағанын жүзеге асыру үшін Стивке досы көмек қолын созып, оған шағын жер бөліп берген. Стив өзінің арманын жүзеге асыра алған.

Сонымен қатар Лондонның оңтүстік-батысындағы Баттерси аймағында ені 2 м 13 см болатын үйдің сатылымға қойылғанын хабарлаған болатынбыз. Ерекше ғимараттың құны 1 миллион еуроға бағаланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871999-lemdegi-e-demi-drethana-zrt-nazaryn-zine-audaruda/