jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ахмет Байтұрсыновты "билетіп" қойған тиктокерлер жұрттың ашуына тиді (видео)

Ахмет Байтұрсынов
Видеодан скриншот: Instagram / qazaqpyz_goi

Әлеуметтік желі қолданушылары соңғы кезде танымал болып жүрген тикток қосымшасында еліміздің біртуар азаматтары Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановты "билетіп" қойған тиктокерлерге ашуланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеоны Instagram желісінде qazaqpyz_goi парақшасы бөлісіп, тиктокерлердің әрекетін сынға алған.

"Тренд деген, әрине жақсы ғой... Бірақ қасиетті, тиісуге болмайтын дүниелер болу керек емес пе? Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов сынды азаматтар - қазақ халқының ұлы тұлғалары", - деп жазған видеомен бөліскендер.

Бұл видеоны көрген желі қолданушыларының дені видео авторына ашуға толы пікір қалдырған.

"Ұлы тұлғаларымызды мазақ қылып болды", "Марқұм кісілердің жандарына тыныштық берші. Айналайын, тиктокер бала", "Қайда осыларды қадағалап отыратын арнайы құзырлы қызметтер? Жазасын заңға сай берсін", "Қайран ата-бабам-ай", "Мыналары не сұмдық, тіпті өлген адаммен ойнап", " Ұят жоқ, оңбағандар, тәрбиесіздер" - деп ренішін білдірді бұл жайтқа қатысты көпшілік.

Желі қолданушылары тиктокерлерге аруақты сыйлау керектігін ескертіп, мұндай әрекетке баруларын доғаруды талап етуде.

Жұрттың ызасын келтірген видео өзге желі парақшаларына да тарап кеткен.

Еске салсақ бұған дейін қазақтың Құрманғазысы мен орыстың Пушкинін сүйістірген гей-жарнама дүйім жұрттың жағасын ұстатқан еді. Қоғамдық резонанс тудырған бұл жайттан кейін Алматыдағы клуб шулы суретті жасаған компанияны сотқа беретінін мәлімдеген болатын.

Ахмет Байтұрсыновты "билетіп" қойған тиктокерлер жұрттың ашуына тиді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.