Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда көпқабатты үй қабырғасына граффити салған жігіт тоққа түсіп мерт болды

Опубликовано:

Ерікті
Фото: instagram.com/samat_shaidullauly

Оралда 31 жастағы Самат Шайдуллаұлының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам тоғыз қабатты үйдің төбесіндегі электр тоғынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Самат Шайдуллаұлы қаладағы танымал Uralsk Runners тобының еріктісі болған. Ол көп қабатты үйдің қабырғасында "Жүгіруші" граффитиін салған суретшілерге көмек көрсетті. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"1 қыркүйек күні шамамен 23.00-де, Қонаев ықшамауданындағы тоғыз қабатты үйдің шатырында бір адам электр тоғына түсіп, қайтыс болды. Орал қаласының полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полиция бөлімі.

Тоғыз қабатты ғимараттың қабырғасындағы "Жүгіруші" суретін тәжірибесі бар оралдық суретшілер сала бастаған. Алайда олар оқиғаның мән-жайын жария етпеді.

"Оқиғаның бәрі үйдің шатырында болды. Мен ол кезде болмадым. Қазір сурет салу жұмысы тоқтап тұр", - дейді Ақмарал есімді суретші.

Бүгін спортпен белсенді айналысқан марқұмды жерлеу рәсіміне ондаған адам қатысты.

"Самат өте жанашыр және мейірімді адам болды. Бұл оның отбасы үшін үлкен қайғы. Оның артында екі кішкентай баласы қалды. Қайғыра көңіл айтамыз", - деді көршісі Гүлмира.

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысында балкон опырылып, қыз бен жігіт құлап кетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының Шашубай кентінде үшқабатты үйдің балконы опырылып түсіп, салдарынан ерлі-зайыптылар зардап шеккен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1872645-oralda-kpkabatty-j-kabyrgasyna-graffiti-salgan-zigit-tokka-tsip-mert-boldy/

pixel