RU

ХОК: 2021 жылы Олимпиада қалай да өтеді

Олимпиада Токио2021
Фото: Getty Images

2021 жылы Токио Олимпиадасын қалай да өткізу жоспарланған. Халықаралық Олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс Ойындарды өткізуге пандемияның кедергі бола алмайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы BBC-дің ресейлік қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің вице-президенті дүбірлі доданың 2021 жылғы 23 шілдеде басталатынын растап отыр.

Токио Олимпиадасы биылғы жазда өтуі тиіс болған, алайда пандемияға байланысты 2021 жылға шегерілді. Бұған дейін ХОК іс-шараның тағы да кейінге шегерілмейтінін мәлімдеген болатын.

Шілде айында "Токио-2020" ұйымдастыру комитеті басшыларының бірі Тоширо Муто Олимпиаданы көрермендердің шектелуімен өткізу мүмкіндігін атап өткен еді. Дегенмен, ұйымдастырушылар іс-шараның мүлдем көрерменсіз өтпеуіне жол бермейтіндерін айтады.

Ол Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанатын ықшамдауға, сондай-ақ қатысушы елдердің делегаттар санын азайтуға тура келетінін тілге тиек еткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жапония билігінің Олимпиада ойындары үшін жарты млрд дана коронавирус вакцинасын сатып алуға ниетті екенін жазғанбыз.

Синдзо Абэ үкіметі вакцинаны сатып алу коронавирус пандемиясы салдарынан кейінге шегеруге тура келген жазғы Олимпиада ойындарын келесі жылы өткізе алатындарына сенімділік ұялатады деп үміттенеді.

Ао оған дейін Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ биыл Токиода өтеді деп жоспарланған жазғы Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешімге келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873206-hok-2021-zyly-olimpiada-kalaj-da-tedi.html