Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапония Олимпиада ойындары үшін жарты млрд дана коронавирус вакцинасын сатып алуға ниетті

Опубликовано:

Ресей вакцинасы
Көрнекі фото: Anadolu Agency via Getty Images

Жапония Олимпиада ойындары үшін COVID-19-ға қарсы вакцинаның жарты миллиард данасын сатып алмақ. Бұл елдің әрбір тұрғынына төрт вакцинадан келеді деген сөз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Синдзо Абэ үкіметі вакцинаны сатып алу коронавирус пандемиясы салдарынан кейінге шегеруге тура келген жазғы Олимпиада ойындарын келесі жылы өткізе алатындарына сенімділік ұялатады деп үміттенеді.

Басқа ауқатты елдер сияқты Жапония да бірнеше келісімдерге қол қояды. Себебі кейбір вакциналар клиникалық сынақтардан өте алмауы немесе бірнеше дозаны талап етуі мүмкін.

Туризм - бұл жапондық шенеуніктердің пікірі бойынша, пандемия кезінде ЖІӨ 30 пайызға төмендегеннен кейін экономиканы көтере алатын нәрсе.

Министрлердің кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга Жапония Олимпиаданы ұйымдастырушылармен вакцина алу қажеттілігін байланыстыра отырып, ойындарды қалай ілгерілету жөнінде жұмыс істеп жатқанын айтты.

"Әртүрлі компаниялар вакцинаны осы жылдың соңынан келесі жылдың наурызына дейін жасап шығаруы мүмкін. Көптеген ойлар бар, бірақ біз Олимпиаданы қалай болғанда да өткізуіміз керек", - дейді Суга.

Айта кетейік, Жапония 2021 жылы 126 миллион тұрғынына бес түрлі вакцинаның 521 миллион дозасын сатып алмақ. Мемлекет Pfizer Inc және AstraZeneca PLC, Shionogi & Co сынды дәрі өндірушілермен келісімге келген.

Еске сала кетесек, бұған дейін Жапония премьер-министрі Синздо Абэнің денсаулығына байланысты отставкаға кететіні хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871693-zaponia-olimpiada-ojyndary-sin-zarty-milliard-dana-koronavirus-vakcinasyn-satyp-aluga-nietti/

pixel