Михаил Ефремов 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Жарияланған күні:
Мәскеудің Пресненск аудандық соты Михаил Ефремовке қатысты үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін, 8 қыркүйекте Мәскеудің Пресненск аудандық соты ресейлік актер Михаил Ефремовке қатысты үкім шығарды. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.
Сондай-ақ судья Елена Абрамова жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болған азаматтың ұлының талап арызын ішінара қанағаттандырды деп жазды РИА Новости.
Ол сотталушыдан 800 мың рубль өндіру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ актер үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Судья сараптама нәтижелерін оқыды. Апат кезінде Ефремовтің автокөлігінің сағатына 80-90 шақырым жылдамдықпен жүргені анықталды. Көлік толығымен бүтін болған, және барлық зақымдар апат салдарынан пайда болды.
Сот Михаил Ефремовты кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныды.
"РФ қылмыстық кодексінің 264 бабы 4-бөлігінің "а" тармағы (абайсызда кісі өліміне әкеп соқтырған мас күйде жол ережесін бұзу) бойынша кінәлі деп танылды", – делінген сот үкімінде.
Еске сала кетсек, биылғы 8 маусымда Jeep Grand Cherokee автокөлігін басқарған Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Михаил Ефремов жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Lada автокөлігін соққан болатын.
Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасы жол апаты кезінде актердің мас күйде болғанын хабарлады.
Ал 3 қыркүйекте өткен сот отырысында Михаил Ефремовтің өз кінәсін мойындағаны мәлім болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873226-mihail-efremov-8-zylga-bas-bostandygynan-ajyryldy/