jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Зооқорғаушылар елордада иттердің зорланғанын айтып, дабыл қақты

    Ит
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Нұр-Сұлтанда еріктілер иттердің зорланғанын айтып, дабыл қағуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

    Зорлық көрген иттердің жағдайы туралы жазба Instagram желісінің "СтопОтлов" парақшасында жария болған.

    Еріктілердің сөзіне сенсек, 6 қыркүйек күні олар ұсталған иттер мен мысықтардың оқшаулағышында жағдайы ауыр төрт итті тауып алған. Олардың жыныс мүшесі жыртылып кеткені анықталыпты.

    Айтуларынша, олар иттердің бірін қан-жоса күйінде дереу дәрігерлерге жеткізген. Қалған үшеуін клиникаға келесі күні алып барыпты. Содан кейін еріктілер полицияға шағым түсірген.

    Дәрігер иттерді қарағаннан кейін олардың бір уақытта араға бір-екі күн ғана салып, жыныс мүшесінен жарақат алғанын анықтады деп жазады куәгерлер.

    Медициналық қорытынды, олардың айтуынша, төрт итке сексуалдық зорлық көрсетілгенін растап отыр.

    8 қыркүйек күні олар "Астана Ветсервис" әкімшілігін бұл жайттан хабардар етіп, 9 қыркүйекте медициналық қорытындыны көрсеткен.

    Еріктілер иттерге ақша табу мақсатында осындай қорлық көрсетілген деген пікірде. Елорданың полиция департаменті NUR.KZ редакциясына факті бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

    "Факті бойынша, Қылмыстық кодекстің 316 бабына сәйкес соталды тергеу басталды. Жағдайдың мән-жайы анықталып, тексеріс жүргізілуде", - дейді полиция департаментінің баспасөз хатшысы.

    "Астана Ветсервис" өкілі Sputnik Қазақстан тілшісіне олардың аймағында иттерге зорлық көрсету фактісі бойынша тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді.

    "Оқшаулағыш аймағында кәсіпорын өкілдерінен бөлек, иттерге қарайласуға көмек көрсететін еріктілер де жүреді", – дейді ветқызмет өкілі.

    Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында итті көлігіне байлап сүйреген жүргізуші жұрттың ашуына тигенін жазған болатынбыз.

    Одан бөлек, Атырауда итті қорлағандар анықталып, қылмыстық іс қозғалғанын жазған едік. Кейін итті тұншықтырған азаматқа қатысты іс тоқтатылғаны белгілі болды.

    Зооқорғаушылар елордада иттердің зорланғанын айтып, дабыл қақты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.