RU

Әйгілі "Тақтар таласы" телехикаясында ойнаған актриса көз жұмды

Тақтар таласы
Фото: mirf.ru

"Тақтар таласы" телехикаясында рөлдердің бірін сомдаған актриса Дайана Ригг қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ұлыбританиялық актриса Дайана Ригг "Кек алушылар" (Мстители) және "Тақтар таласы" телехикаяларында рөлдерді сомдаған деп жазады bbc.com. Одан бөлек, Джеймс Бонд фильмдерінің біріне түскен актриса 82 жасында дүниеден озды.

Тақтар таласы
Фото: HBO/KOBAL/SHUTTERSTOCK

Бұл туралы "Би-би-сиге" бейсенбі күні актрисаның жеке агенті хабарлаған.

"Ол бүгін таңертең дүниеден озды. Дайана Ригг өз үйінде отбасының қасында болды. Отбасы олардың жеке өміріне мұндай ауыр шақта құрметпен қарауды сұрауда", - дейді актрисаның өкілі.

Тақтар таласы
Фото: HBO/KOBAL/SHUTTERSTOCK/

Ригг көпшілікке "Тақтар таласы" телехикаясындағы Олеанна Тирелл рөлімен танымал болған. Одан бөлек, Джеймс Бондтың ғашығы болып рөл сомдайды. Фильм желісі бойынша Бондтың жары агенттің жауының қолынан қаза табады.

Ригг
Фото: Eon Productions Ltd

Сонымен қатар Ригг пен Патрик Макни "Кек алушылар" телехикаясында тыңшылар дуэтін сомдайды. Дайана театрда да танымал актрисалардың бірі болды.

Еске салсақ, бұған дейін біз ат құлағында ойнайтын отандық каскадерлар Диснейдің "Мулан" фильмінде бой көрсеткенін жазған едік. АҚШ, Қытай, Канада елдері бірігіп түсірген фильмнің бюджеті 200 000 000 долларды құрайды. Ресейде 10 қыркүйек күні премьерасы жоспарланған фильм үшінші қыркүйектен бастап әлем назарына жол тартқан.

Одан бөлек, Дисней десе ішкен асын жерге қоятын отбасы үйін ертегі әлеміне айналдырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1873717-jgili-taktar-talasy-telehikaasynda-ojnagan-aktrisa-kz-zmdy.html