Дисней десе ішкен асын жерге қоятын отбасы үйін ертегі әлеміне айналдырды
Жарияланған күні:
Дисней мультфильмдеріне ерекше тәнті болған Хермансондар отбасының ертегі әлеміне айналдырған үйі көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 4tololo.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Диснейлендтен кем түспейтін бұл үйді Хермансондар отбасы өз күштерімен әрлеген. Екі баланың анасы Келси Хермансонс үйіне кей заттарды дайын күйінде сатып алса, енді бірін өз қолымен жасап шыққан.
Сонымен, ертегі әлемінің бір бөлшегіне айналған үйге қош келдіңіз. Аяғыңызды сүртіп кіруді ұмытпаңыз.
Үйді аралап көрмес бұрын үй иелерімен таныс болайық.
Бұл - Хермансондар отбасы.
"Мен үйдегі кей заттарды комиссиялық дүкендерден сатып алдым. Сонымен қатар Disney Store дүкенінен де аламын. Бірақ көп заттарды негізінен өз қолыммен жасаймын", - дейді Келси.
Отбасының ерекше үйін көрсететін видео TikTok-та 13,3 млн қаралым жинап үлгерген. Мұндай қызығушылық бекерден емес.
Мәселен, мынау Күлбикештің жатын бөлмесі. Келси осы бөлмені ерекше ұнатады.
"Бұл бөлмені мен ең соңында әрледім, үйіміздің ең керемет бөлмесі деп білемін. Мен ескі жиһазды сатып алып оны мультиктегідей безендірдім", - дейді Келси.
Ол сонымен қатар мультфильмнен үзіндіні қайталап, қабырғаларға көпіршіктер орнатқан.
Келсидің күйеуі Эрик те үйді безендіруге көмектеседі. Мәселен, ол су перісінің бөлмесін өзі әрлеген.
Ал мынау Аладдиннің бөлмесі.
Тіпті кранның өзі сиқырлы шамды еске салады.
«Рапунцель» стиліндегі кіреберіс.
Асханасы "Ару мен құбыжық" мультфильмінің стилінде сәнделген.
Ал асүйге «Рататуй» стилі таңдалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871002-disnej-dese-isken-asyn-zerge-koatyn-otbasy-jin-ertegi-lemine-ajnaldyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.