Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Макгрегор сексуалдық зорлық-зомбылық пен эксгибиционизм бойынша тұтқындалды

Опубликовано:

Макгрегор 6546
Фото: Getty Images / Ethan Miller

Францияның Корсика өңіріндегі барлардың бірінде танымал ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор тұтқындалды. Оған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті мен эксгибиционизм бойынша айып тағылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

10 қыркүйекте UFC жұлдызының үстінен шағым түскен деп жазды РИА Новости жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

TMZ сайтының мәліметінше, спортшының өкілі Макгрегордың өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарғанын хабарлады. Сондай-ақ жауап алынғаннан кейін экс-чемпионның босатылғаны мәлім болды.

Ирландиялық спортшының қорғаушысы Эммануель Рамон журналистерге өз клиентіне тағылған айыптар алынып тасталғанын және оның қамаудан босатылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, Конор Макгрегор екі салмақ санаты бойынша (жеңіл және жартылай жеңіл салмақта) бұрынғы UFC чемпионы болып табылады. Қазіргі уақытта Р4P рейтингінде 10-ші орынды иеленген.

Еске сала кетсек, биылғы маусымда ирландиялық аралас жекпе-жек шебері Конор Макгрегор қайтадан спорттық мансабын аяқтағаны туралы мәлім еткен болатын. Ол промоушеннан кетіп қана қоймай, бұдан былай жекпе-жек өткізбейтінін алға тартты.

UFC жұлдызы бұған дейін де екі рет спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеген. Алайда, біршама уақыттан кейін октагонға қайта оралған еді.

Сондай-ақ биыл Конор Макгрегордың UFC тарихындағы табысы ең жоғары спортшылар тізімінде көш бастағаны белгілі болды.

The Sun басылымының мәліметінше, Макгрегор әлемнің ең беделді турнирінде өткізген жекпе-жектері үшін 12 миллион доллар табыс тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1873985-makgregor-seksualdyk-zorlyk-zombylyk-pen-eksgibicionizm-bojynsa-ttkyndaldy/

pixel