RU

Түркістан облысында жастар жалғызбасты анаға үй салып берді (фото)

Фото
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

Түркістан облысының Отырар ауданында жастар жалғызбасты анаға үй салып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан газетіне сілтеме жасап.

Өңірлік коммуникация қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ұзақ жылдар бойы тозығы жеткен ескі үйде тұрған жалғызбасты анаға ауданның ерікті жастары баспана салып берген.

Көксарай ауылының тұрғыны Есенкүл Әлібаеваның жағдайымен танысқан 1995 жылғы жастары бірігіп, жаңа үйдің іргетасын құйып беріп, қайырымдылық эстафетасын елді мекендегі аға-інілеріне жолдаған.

"Бұл бастамаға барлық ауыл жастары үн қосты. 1982 мен 1998 жылғылар қомақты қаржы жинап, жергілікті тұрғынға жаңа баспана салып берді. Осылайша ұйымшыл жастар қамкөңіл бір отбасына қуаныш сыйлады", - делінген хабарламада.
Фото
Фото: Өңірлік коммуникация қызметі

Естеріңізге сала кетсек, жақында Павлодар облысы Шарбақты ауданы Есілбай ауылының белсенді жастары жергілікті зейнеткерге екі бөлмелі үй салып бергенін жазған болатынбыз.

Ал 66 жастағы әйел қол ұшын берген барша жанға алғысын білдірді. "Екі жылдан бері тұрып жатқан әке-шешемнің үйінің төбесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек болатын. Мен ешкімге салмақ салып, көмек сұрағым келмеді. Бірақ жастардың өздері қолқа салып, көмек көрсетуге ниет білдірген соң беттерін қайтарғым келмеді. Олардың бұл істеріне ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын! Өзгелерге  жасаған жақсылықтары өздеріне еселеніп қайтсын", - дейді зейнеткер. 

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қособа ауылының тұрғындары балаларына арнап мектеп салып берді. Оқу орнының құрылысы үш жылда аяқталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874297-trkistan-oblysynda-zastar-zalgyzbasty-anaga-j-salyp-berdi-foto.html