RU

Ресейде Қазақстан шекарасының ашылуын күткен өзбекстандықтар лашықта түнеп жүр

өзбек халқы шекара
Фото: Людмила Мельниченконың Facebook парақшасы

Ресейдің Самарская облысында Өзбекстанның 1600 азаматы қазақ шекарасының ашылуын күтіп, көшенің қақ ортасында, лашықтарда түнеп жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мигранттардың лагеріне барып, оларға нан таратып берген Людмила Мельниченко өзбекстандықтардың фотосын әлеуметтік желіге жүктеген. Айтуынша, мигранттардың мұнда тұрғанына екі-үш апта болған.

Самарская облысының тұрғындары да бей-жай қалмай, үйлеріне қайта алмай жүрген өзбестандықтарды тамақтандырған.

Ал келіншек өзбекстандықтар үшін ақша, азық-түлік пен дәрі-дәрмек, гигиеналық заттар, матрастар, жастық пен жамылғылар, ерлер және әйелдерге арналған киімдер, аяқ киімдер жинап жатыр.

өзбеккк
Фото: Людмила Мельниченконың Facebook парақшасы

Людмила Мельниченконың Facebook парақшасында жазуынша, лагерь өзен маңына орналасқандықтан, су суық пен ылғалды тартады. Адамдар мұнда тек күндіз ұйықтайды. Өйткені түн салқын болғандықтан, барлығы оттың айналасында отырады.

"Лашықтардың жеңіл екенін көріп тұрсыздар. Жылытылмаған. Ал кейбіреулер целлофанның үстінде ұйықтайды", - дейді ерікті әйел.

Белсендінің сөзінше, өзбектерге азық-түлік таратылған кезде олар өздерін байсалды ұстап, ешқандай әдепсіздік көрсетпеген.

Еске сала кетсек, биыл шілде айында Түркістан облысы Сарыағаш ауданында екі мыңға жуық өзбек пен тәжік мигранттары карантинге байланысты жабылған шекарадан өте алмай тұрғанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ, бұған дейін Түркістан облысындағы шекарада тәжіктердің өз еліне қайта алмай әлек болғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874497-resejde-kazakstan-sekarasyny-asyluyn-ktken-zbekstandyktar-palatkada-tnep-zr.html