RU

Тоқаев Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрін құттықтады

Тоқаев Ақорда 123
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрі Ёсихида Сугаға құттықтау жеделхатын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан президенті Жапонияның премьер-министрі Ёсихида Суганы аса жауапты лауазымға сайлануымен құттықтады.

Жеделхатта жаңа үкімет басшысының ел дамуына және жапон халқының берекесін баянды етуге, Жапонияның әлемдік қауымдастықтағы беделін одан әрі арттыруға бағытталған игі істері мен бастамаларының табысты болуына тілектестік білдірген.

"Қазақстан мен Жапония арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген мазмұнды саяси диалогымызды, әртүрлі салалардағы жемісті ынтымақтастығымызды өрістете түсу үшін Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екеніме сендіремін", – деп жазылған жеделхатта. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында, Жапонияның премьер-министрі Ёсихида Суганы Қазақстанға сапармен келуге шақырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ёсихида Сугаға аса жауапты қызметте сәттілік, жапон халқына құт-береке тілеген.

Айта кетейік, Жапонияда дауыс беру нәтижесінде елдің жаңа премьер-министрі болып Есихидэ Суга тағайындалған болатын.

Дауыс беру кезінен тікелей эфир жүргізіліп, парламенттің төменгі палатасының сайтында трансляцияланған. Сугаға 314 депутат дауыс берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Жапония премьер-министрі Синздо Абэнің денсаулығына байланысты отставкаға кететіні хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1874902-tokaev-zaponiany-zaa-sajlangan-premer-ministrin-kttyktady.html