jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Жапония премьер-министрі отставкаға кетеді

Жапония премьер-министрі
Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images

Жапония премьер-министрі Синздо Абэ отставкаға кетеді. Оның өз лауазымынан бас тартуына денсаулығының нашарлауы себеп болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жапония телеарнасы хабарлағандай, Абэ 24 тамыз күні өткен аптада тапсырған сараптама нәтижелерін алу үшін Токио ауруханасына барған.

HNK ақпарынша, премьер-министрде қатты ауырсынумен бірге жүретін созылмалы аурудың өршуі байқалған. Ол сырқаты "саяси шешімдер қабылдауға" әсер етпес үшін өз лауазымынан кетуді шешкен.

Синдзо Абэ 14 жыл бұрын ойық жаралы колитке, тоқ ішектің шырышты қабығының қабынуына байланысты отставкаға кетуге өтініш тастаған. Алайда жағдайы жақсарған соң 2012 жылы Жапония премьер-министрі болып сайланды. Анығы, қазіргі премьер-министр жақын арада өз денсаулығына байланысты баспасөз конференциясын ұйымдастырады.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда коронавирус жағдайының қайта өршуі елдегі басқару жүйесіне әсер ете бастады. Бейсенбіде парламент жабылып, билеуші партияның кейбір қызметкерлері үйдегі карантинге алынды.

Себебі, бір күн бұрын Кореяның басқарушы демократиялық партиясының жоғары лауазымды тұлғаларының Ұлттық жиналыста кездесуі өткен болатын. Сол кездесуден кейін жергілікті репортер вирусқа оң нәтиже көрсетіп, аталмыш шаралар қабылданған еді.

Парламент ғимараты мен депутаттардың кабинеттері дезинфекцияланғандықтан, бейсенбіге жоспарланған бірнеше парламент отырысы мен билеуші және оппозициялық депутаттар арасындағы кездесулер тоқтатылды.

Ал Қазақстанда өткен тәулікте 165 адам коронавирус жұқтырған. Ал 540 адам қауіпті дерттен айығып шыққан.

БАҚ: Жапония премьер-министрі отставкаға кетеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.