RU

Парламент отырысында порно тамашалаған депутат жұрттың ашуын келтірді (фото)

Депутат
Фото: ViralPress

Таиланд парламентінің депутаты парламент отырысында порно тамашалаймын деп масқара болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Роннатеп Ануват есімді егде жастағы депутат 17 қыркүйек күні Бангкокте өткен парламент отырысында ыңғайсыз жағдайға қалған деп жазады Daily Star басылымы.

Елдің бюджетіне қатысты маңызды мәселелерді талқыға алудың орнына жұмыста порно тамашалауға кіріскен депутаттың бұл әрекеті әшкере болып қалған.

Депутат
Фото: ViralPress

Баспасөз галереясында отырған репортер Чонбури провинциясынан келген Ануват мырзаның ойы басқа жақта отырғанын байқап қойып, оны суретке түсіріп алады.

Өз суретін мұқият қарап шыққан журналист депутаттың ұялы телефонға не себепті үңіліп отырғанын түсінген.

Депутат
Фото: ViralPress

Егде жастағы азаматтың телефонында тыр жалаңаш төсекте жатқан арудың фотосы ашылып тұрған екен.

Масқара болған депутат бұл әрекетін түсіндіруге тырысып бақты. Айтуынша, белгісіз бойжеткен көмек сұрап, депутатқа хабарлама жолдаған. Онда бейәдеп суреттер барын білмеген депутат парламентте бойжеткеннің "мәселесін" шешу үшін хабарламаны ашқан-ды.

Депутат
Фото: ViralPress

Тағы бір фотода депутат жалаңаш арудың суретін жақындатып, үңіле қарағаны байқалады. Бұл әрекетіне де шенеунік түсініктеме берді. Ол бойжеткенге қауіп төніп тұрмағанына көз жеткізу үшін суретті мұқият қарап шыққан екен.

Депутаттың бұл түсініктемесіне еш күмән келтірмеген үкімет оған жаза қолданбайтынын мәлімдеді.

Десе де, депутаттың бұл әрекеті қоғамның қызу талқысына түсіп, көпшіліктің ашуын келтірген.

Еске салсақ, бұған дейін біз еліміздегі шенеуніктің әдепсіздігі Қаскелең тұрғындарының шамына тигенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Елордада онлайн сабақта порно-видео қосылып кеткенін жазған едік.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1874980-parlament-otyrysynda-porno-tamasalagan-deputat-zrtty-asuyn-keltirdi-foto.html