Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінші әйелім тастамайтын": Неке жүзігін тақпаған Жұлдыз Өмірғали талқыға түсті

Опубликовано:

Айқын мен Жұлдыз
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official

Отандық шоу-бизнестегі жарасымды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали "Қызық LIVE" бағдарламасының эфирі кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды. Ерлі-зайыптылар ел алдына неке жүзігін тақпай шығып, жүргізушілерден оңбай сөз естіді. Әсіресе, өнер иесінің жары қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айқын Төлепберген отандық бағдарламалардың бірінде жары Жұлдыз Өмірғалиге қалжыңдамақ болып, оны ренжітіп алған көрінеді. Неке жүзігін тағуға ұмытып кеткен келіншегіне ол бірінші әйелі сақинасын тастамайтынын айтты.

Аталмыш үзіндінің видеосы бірден ғаламтор кеңістігінде тарап, елдің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл әзілі жарына аса ауыр тигенін жарыса жазуда.

Олардың басым көпшілігі Айқын Төлепбергеннің бұл сөздері артық болғанын жеткізді.

"Бірінші әйелін әлі айтып жүр, Жұлдызды мүлдем сыйламайтын секілді" , "Мына әзіл тым қатты болған секілді. Жұлдыз ренжіген боларй , "Екеуін салыстырып бітпедің ғой" , "Айқын ажырасып, екңншң рет үйленгенінен хайп жасаудан шаршамайды екен" , "Жұлдызға неке жүзік тағы үшін Айқынға бәйбішесінен рұқсат алу керек" , "Үйге барған соң, таяқ жеген шығар" , "Жұлдыз үйде сазайын тарттырған шығар" , "Айқын не деп кеттің, мынауың ұят болды" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепберген желідегі видеосы басын дауға қалдырған Қуат Хамитовке қатысты пікір білдірді. Ол белгілі спортшының әрекеті жайлы өз ойын айтып, оның бұл қадамға білімі аз болғандықтан барған болуы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1875306-birinsi-jelim-tastamajtyn-neke-zzigin-takpagan-zldyz-mirgali-atka-kaldy/

pixel