RU

Қазақстанда теміржол билеттері қымбаттады

Теміржол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстанда жолаушыларға арналған теміржол көлігі қызметі бір жыл ішінде шамамен 10% қымбаттады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы EnergyProm мониторинг агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, жолаушылар теміржол қызметтері тамыз айында 9,9%-ға өсті.

Бағаның өсуі аймақтар арасында Түркістан облысының тұрғындарына айтарлықтай байқалды: бағаның жылдық өсімі 23,8% құрады. Сондай-ақ, бағалар Ақмола облысында (15,8%) және Алматыда (15,1%) айтарлықтай өсті.

Сектордағы қызметтер Ақтөбе (0,1%), Қызылорда (1,5%) және Батыс Қазақстан (1,6%) облыстарында сәл көтерілді.

Агенттіктің хабарлауынша, сегіз айдың қорытындысы бойынша жолаушыларды тасымалдау сегментінде 7,4 миллион адам теміржол көлігімен тасымалданған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,6%-ға аз.

Сонымен қатар тек тамыз айын есептегенде 828,9 мың жолаушы тасымалданды, бұл алдыңғы айға қарағанда 16,9% артық.

Жолаушылар айналымы 5,7 млрд жолаушы-километрді құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға аз. Тамыз айында бұл көрсеткіш 709,1 миллион жолаушы-шақырымды құрап, шілде айымен салыстырғанда 18,3% артты.

Еске салсақ, Қазақстан мен Ресей экономикалық тұрғыдан жақын серіктестер болған соң, ресейлік валюта бағамының құлдырауы төл теңгемізге қалай әсер ететіні туралы жазған едік.

Оған қоса, қазақстандықтар күнделікті өз зейнетақы жинағының мөлшерін бақылай алады, оның бірнеше тәсілі бары белгілі. Олардың ішіндегі неғұрлым ыңғайлы тәсілдерін анықтап көруге тырысқан болатынбыз.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1875457-kazakstanda-temirzol-biletteri-kymbattady.html