Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағыңыздың мөлшерін қалай білуге болады

Опубликовано:

ақша БЖЗҚ жинақтары
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстандықтар күнделікті өз зейнетақы жинағының мөлшерін бақылай алады. Оның бірнеше тәсілі бар. Осы орайда Нұрфин журналистері олардың ішіндегі неғұрлым ыңғайлы тәсілдерін анықтап көруге тырысты.

Соңғы уақытта қазақстандықтар өздерінің зейнетақы жинақтарының мөлшерін білуге қызығушылық танытуда. Себебі келесі жылдан бастап кейбір салымшылар олардың бір бөлігін баспана сатып алуға, емделуге және басқа да қажеттіліктерге пайдалана алады.

Жеке зейнетақы шотындағы жинақтар күн сайын инвестициялық кірістің өсуі мен төмендеуіне байланысты, сондай-ақ міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын салу кезеңінде өзгеруі мүмкін.

Осы орайда соңғы деректерді білу үшін әр салымшы жинақтағы өзгерістермен танысудың ыңғайлы тәсілін таңдай алады.

Қазіргі уақытта біз зейнетақы қорынан үзінді көшірме алуға мүмкіндік беретін төрт нұсқаны таптық. Алғашқы екеуі – БЖЗҚ мен Электрондық үкіметтің ресми сайттарындағы ақпаратты компьютердегі браузер арқылы сұрау.

Тағы екеуі – смартфон арқылы аталған қызметтердің мобильді қосымшаларынан үзінді көшірме алу. Енді көрсетілген төрт тәсілді егжей-тегжейлі қарастырып көрейік.

Электрондық үкімет сайты

Сайтқа өтіп, ыңғайлы тәсілмен авторизациядан өтеміз. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе мобильді азаматтар базасында тіркелген нөмірге келген бір реттік парольді қолдануға болады.

Бұдан кейін басты бетте "Әлеуметтік қамсыздандыру" қосымша бетіне өтеміз. Енді "Қызметтер" бөлімінде "Барлығын көрсету" батырмасын басып, "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі (инвестициялық кірісті ескере отырып) туралы ақпарат беру" қосымша бетін таңдау керек.

Ал егер сіз "Зейнетақы жарналары туралы анықтама алу" қызметін таңдасаңыз, үзінді көшірмеде зейнетақы шотындағы қалдықтың үштен бір бөлігін құрайтын инвестициялық кірісі жоқ барлық зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.

Ары қарай "Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасын басып, есеп беру қажет болатын кезеңді енгізу керек. Егер кезең көрсетілмесе, онда үзінді көшірме соңғы жылға есептеліп жасалады.

Өтінішке ЭЦҚ немесе СМС-пароль арқылы қол қоюға болады. Ары қарай қызметтің төрт сағат ішінде көрсетілетіні жазылады, дегенмен үзінді көшірме бір минут ішінде де дайын болуы мүмін. Құжаттың даярлығын білу үшін "Статусты жаңарту" батырмасын басу керек.

Бұл бетте екі сілтеме пайда болады. Олар арқылы есептермен танысуға және оларды ары қарай қазақ және орыс тілдерінде пайдалану үшін жүктеп алуға болады.

98466
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу : egov.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайты

Сондай-ақ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтына жүгінуге болады. Мұнда жеке зейнетақы шотына бекітілген телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту керек. Телефон нөмірін БЖЗҚ бөлімшесіне жүгіну арқылы бекітуге болады.

Егер шотқа бекітілген телефон нөмірі болмаса, сайтқа электрондық цифрлық қолтаңба арқылы кіруге болады.

Жеке кабинетте инвестициялық кіріспен қоса зейнетақы аударымдарының мөлшеріне шолу көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда жарналар, зейнетке шығуға қанша уақыт қалғаны және тағы басқа ақпараттар ұсынылады.

Сонымен қатар, парақшаның ең төменгі жағындағы құжаттың белгісін басып, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға болады.

48496565
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу: enpf.kz

eGov mobile мобильді қосымшасы

Электрондық үкімет порталынан үзінді көшірмені eGov mobile мобилді қосымшасы арқылы да алуға болады.

Біріншіден, телефонның жадында электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса, сол арқылы авторизациядан өтуге болады. Алайда, ыңғайлысы – мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне пароль жолдау арқылы қосымшаға кіру.

Ол үшін ЖСН, мобильді телефон нөмірін және телефонға келген кодты енгізу қажет.

Ары қарай "Қызметтер" қосымша бетіне өтіп, "Жұмыспен қамту және жұмысбастылық" бөлімін табамыз.

Мұнда екі түрлі қызмет бар: "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының қаражатының түсуі мен қозғалысы туралы ақпарат беру" және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жағдайы (инвестициялық кірісті ескере отырып)".

Егер біріншісін таңдасақ, инвестициялық кіріс ескерілмейтін есеп жасалады. Ал екінші қызметті таңдай отырып, толығырақ ақпарат алуға болады.

Қажетті пунктті таңдап, керекті мерзімді көрсете отырып, "Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басамыз. Содан кейін өз таңдауымызды СМС-хабарлама арқылы келген кодпен растап, парақшаны жаңартамыз. Үзінді көшірме дайын болғанда оны телефонға жүктеп, поштаға жіберіп немесе мессенджер арқылы бөлісуге болады.

Инвестициялық кіріс көрсетілген үзінді көшірме төрт сағаттың ішінде дайын болады делінген. Құжаттың даярлық деңгейін "Қызметтер" қосымша бетіндегі "Тапсырыстар тарихы" бөлімінен білуге болады.

9849456
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу: eGov mobile мобильді қосымшасы

БЖЗҚ мобильді қосымшасы

БЖЗҚ мобильді қосымшасына жеке зейнетақы шотына бекітілген телефон нөмірі арқылы ғана тіркелуге болады. Авторизациядан өту үшін ЖСН нөмірін және тіркелу кезінде көрсетілген парольді енгізу керек.

"Жинақтар" қосымша бетінде инвестициялық кірістерді қоса алғанда, жеке зейнетақы шотында қанша ақша бар екені көрсетіліп тұрады.

Электрондық үзінді көшірмені алу үшін сәйкес батырманы басамыз. Құжат бірнеше секундтың ішінде дайын болады. Оны телефонға жүктеп, поштаға жіберіп немесе мессенджерде бөлісуге мүмкіндік бар.

Айта кетейік, БЖЗҚ мобильді қосымшасында хабарлама келіп тұратын қызметті қосуға болады. Яғни, жұмыс беруші жарнаны шотқа аударған сайын сізге хабарлама келіп тұрады.

8949566
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу: БЖЗҚ мобильді қосымшасы

Жеке зейнетақы шотыңыздағы қаражаттың қозғалысын қандай тәсіл арқылы бақылап отыру өз еркіңізде. Аталған төрт тәсілмен толығырақ танысып, өзіңізге неғұрлым ыңғайлысын таңдай аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1873829-zejnetaky-zinagyyzdy-mlserin-kalaj-biluge-bolady/

pixel