Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақтың киіз үйіне тәнті болған америкалықтар заманауи ғажайып үй тұрғызуда (видео)

Опубликовано:

Киіз үй
Фото: zachboth

АҚШ елінің тұрғындары арасында қазақтың киіз үйіне күн санап сұраныс артуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Қазақ елінің киіз үйіне ерекше тәнті болған америкалықтар оны қайта жаңғыртып, заманауи нұсқадағы киіз үйлер тұрғыза бастаған.

Киіз үй
Фото: zachboth

Көздің жауын алатын киіз үйлердің бірқатарын назарға ұсынамыз.

Киіз үй
Фото: zachboth

Бұл керемет киіз үйді АҚШ-та тұратын Зак пен Николь есімді ерлі-зайыпты 2019 жылы салып шыққан.

Киіз үй
Фото: zachboth

Олардың жобасы әлем назарына ілігіп, Living Big In A Tiny House атты YouTube каналында бейнеролик жария болады.

9 метрлік киіз үйде барлық ыңғайлықтар қарастырылған. Замануи стильде салынған киіз үйді қалай тұрғызу керектігін ерлі-зайыпты көпшілікке көрсетіп те жүр.

Олар желі парақшасында киіз үйді тұрғызу барысының видеосымен бөліскен.

Аталмыш елде қазақтың киіз үйі ерекше сұранысқа ие болғаны соншалық, АҚШ компанияларының бірі киіз үй тұрғызуды өз қызметтерінің біріне айналдырып үлгерген.

Киіз үй
Фото: coloradoyurt.com

Colorado Yurt деп аталатын компания АҚШ елінде 30 жылдан астам уақыт киіз үй салумен айналысып келеді.

Киіз үй
Фото: coloradoyurt.com

Небәрі бірнеше тәулікте киіз үй тұрғыза алатын компания, тіпті оған әжетхана, жарық, асүй сынды ыңғайлықтар да орнатып бере алады екен.

Киіз үй
Фото: coloradoyurt.com

Компанияның ресми сайты өздері тұрғызған киіз үйлердің суреттерін жария етіпті.

Киіз үй
Фото: coloradoyurt.com

Киіз үй
Фото: coloradoyurt.com

Ал АҚШ-тың Мэриленд штатындағы Cherry Hill атты саябақта киіз үйді бизнеске айналдырғандар бар.

Киіз үй
Фото: cherryhillpark.com

Олар сегіз адамға дейін сыятын киіз үйге жарық, кондиционер, тоңазытқыш, тегін вай-фай, монша сынды керек-жарақты орнатып, киіз үйді жалға беруде.

Киіз үй
Фото: coloradoyurt.com

Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі беделді сән журналы домбырада ойнайтын қазақ қызына тәнті болғанын жазған едік.

Киіз үй
Фото: coloradoyurt.com

Одан бөлек, ат құлағында ойнайтын отандық каскадерлар Диснейдің "Мулан" фильмінде бой көрсеткенін жазған болатынбыз.

Киіз үй
Фото: coloradoyurt.com

Киіз үй
Фото: coloradoyurt.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875748-kazakty-kiiz-jine-tnti-bolgan-amerikalyktar-zamanaui-gazajyp-j-trgyzuda-foto-video/

pixel