RU

Кезекші сынып: ШҚО-да коронавирус жұқтырған оқушылар саны 4-ке жетті

Фото
Көрнекі фото: Артем Букреев/Орал апталығы

Шығыс Қазақстан облысында кезекші сыныптардағы төрт оқушыдан коронавирус анықталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, 1 қыркүйектен бастап облыс аумағында төрт жағдай тіркелген.

Олар:

  • Шемонаиха ауданының 4-сынып оқушысы,
  • Көкпекті ауданының 11-сынып оқушысы,
  • Алтай ауданының 2-сынып оқушысы.

Белгілі болғандай, науқастар білім алған оқу орны шағын жинақты мектептер болып саналады.

Қазіргі кезде облыс аумағында 14 күндік карантинге екі сынып пен бір мектеп жабылған.

Ведомство коронавирус инфекциясы тіркелген барлық мектепте эпидемияға қарсы дезинфекциялық шаралар жүргізілетінін хабардар етті.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгина ауылындағы мектептердің бірінде кезекші сыныпта білім алып жүрген екінші сынып оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталғанын жазған едік.

"Оқушының анасы - мұғалім. Баланың температурасы алғашқы күні 37 градус болған және вирус жұқтырғанын айғақтайтын бірқатар белгі байқалған. ПТР тест нәтижесі баланың вирус жұқтырғанын көрсетті. Оқушы қазір үйде ем-дом шараларын қабылдауда, жағдайы орташа. Вирус анықталған бала оқитын сыныпта 12 оқушы бар. Оқушылар да, ұстаздар да тексеруден өтіп жатыр", - деп хабарлады кеше денсаулық сақтау министрлігі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876045-kezeksi-synyp-sko-da-koronavirus-zktyrgan-okusylar-sany-4-ke-zetti.html