Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды

Опубликовано:

мектеп карантин 123
Фото: Global Look Press / Владимир Мельников

Қазақстанда кезекші сыныпта оқитын оқушыдан коронавирус анықталды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл - биылғы оқу жылында оқушылар арасында тіркелген коронавирустың алғашқы жағдайы.

14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Парыгина ауылындағы мектептердің бірінде кезекші сыныпта білім алып жүрген екінші сынып оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды. 

"Оқушының анасы - мұғалім. Баланың температурасы алғашқы күні 37 градус болған және вирус жұқтырғанын айғақтайтын бірқатар белгі байқалған. ПТР тест нәтижесі баланың вирус жұқтырғанын көрсетті. Оқушы қазір үйде ем-дом шараларын қабылдауда, жағдайы орташа. Вирус анықталған бала оқитын сыныпта 12 оқушы бар. Оқушылар да, ұстаздар да тексеруден өтіп жатыр", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте 76 қазақстандықтан коронавирус инфекциясы анықталды.

Жалпы республика бойынша COVID-19 дертін жұқтырғандар саны 107 450 адамға жетті.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы көпбейінді медициналық орталығының дәрігер-инфекционисі Эльмира Әбішева COVID-19 бен тұмаудың айырмашылығы жайлы және олардан қалай сақтануға болатынын айтып берген еді.

Дәрігер науқастың коронавирусқа қарағанда тұмаудан тезірек жазылатынын алға тартты. Пациент небәрі бірнеше күннің ішінде сауығып шығуы мүмкін. Ал COVID-19 инфекциясы кезінде адам күн өткен сайын әлсірей береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1875893-elimizde-kezeksi-synypta-okityn-okusydan-koronavirus-anyktaldy/

pixel