jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпаған Хамитов қарсыласын алғашқы раунда жеңді

    Фото
    Фото: Видеодан кадр/Sports.kz/Instagram

    Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

    "Найман" лақап атымен танылған отандық спортшы ресейлік файтер Ахмад-Хан Боковпен (5-4) кездесті.

    Жекпе-жек барысында қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсті.

    Айта кетейік, айқас қарсаңында Қуат Хамитовтың қарсыласы өзгерген: бастапқыда ол Олег Косиновке (7-5) қарсылас болуы керек еді.

    Осылайша отандық спортшы кәсіби карьерасындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Ахмад-Хан Боков бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Хамитов бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпады.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Алматы полициясы Қуат Хамитовты қамауға алғанын жазған едік.

    Кейінірек ішкі істер министрлігі атақты спортшы, аралас жекпе-жек шеберінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифинг барысында айтты.

    Қуат Хамитов басын дауға қалдырған видеосына қатысты түсініктеме беріп, оны әзіл ретінде түсіргенін жеткізді.

    Алматы полициясы спортшыдан жауап алған соң, оны босатып үйіне жіберді.

    Бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпаған Хамитов қарсыласын алғашқы раунда жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.