RU

ҰҚК түркімен азматтарының ел шекарасынан жасырын өткені туралы ақпаратқа пікір білдірді

блок-бекет 12
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған Түркіменстан азаматтарының жасырын түрде Қазақстан шекарасынан өтіп, елдеріне оралғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҰҚК-нің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кеше түркіменстандық БАҚ өкілдерінің бірінде Қазақстанда қалып қойған 35 Түркіменстан азаматының жасырын түрде елдеріне оралғаны туралы ақпарат пайда болды.

"Гарабогаз" бақылау-өткізу пунктінде Түркіменстан-Қазақстан шекарасы арқылы СОVID – 19 пандемиясы үшін Қазақстанда қалып қойған Түркіменстаннның 35 әйел азаматы түсініксіз тәсілмен өткен", делінген БАҚ хабарламасында.

Сонымен қатар, мақала авторы ҰҚК шекара қызметіне сілтеме жасай отырып, шекараның жабық екенін және ол арқылы ешкімді өткізбегенін хабарлаған.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Комитеттің баспасөз қызметі 2020 жылғы наурыздан бастап Түркімен тарапы КВИ-ге байланысты мемлекеттік шекара арқылы адамдар мен көлік құралдарын өткізуді біржақты тәртіпте тоқтатқанын, Қазақстан тарапынан өткізу пункті жабылмағанын ресми түрде хабарлайды.

"ҚР-дағы Түркіменстан консулдығының (Ақтау қ.) ресми өтінішіне сәйкес 2020 жылғы 22 қыркүйекте «Темір баба» өткізу пунктінде (10.05-тен 12.00-ге дейін) ҚР-дан шығуға Түркіменстанның 42 азаматы (12 ер адам, 28 әйел, 2 бала) ресімделген болатын", – делінген комитет хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің пандемияның қаупін мойындағанын жазғанбыз.

23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының алдында сөйлеген сөзінде ол мәселенің маңыздылығы мен ауқымын мойындады. Мемлекет басшысы "коронавирус пандемиясының әсерінен ажал құшқан планетаның тұрғындарына" қатты қайғыратынын жеткізді.

Сондай-ақ Түркіменстан билігінің республиканың қылмыстық кодексіне өзгерту енгізгенін хабарлағанбыз. Енді "қауіпті жұқпалы аурулардан" емделуден жалтарғандар немесе ауруханадан қашқандар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1876427-kk-trkimen-azmattaryny-el-sekarasynan-zasyryn-tkeni-turaly-akparatka-pikir-bildirdi.html