Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Түркіменстан президенті пандемия қаупін ақыры мойындады

Опубликовано:

Түркімен1
Гурбангулы Бердімұхамедов. Фото: Mikhail Svetlov/Getty Images

Коронавирусты ащы сорпамен емдеуді ұсынған Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пандемияның қаншалықты қауіпті екенін мойындады деп хабарлайды Kaz.nur.kz.

БҰҰ жаңалықтар қызметі Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өз елінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бар деп мәлімдемеді, бірақ пневмониямен ауыратындар саны артып келеді. Сондықтан ДДСҰ елде өз зерттеулерін жүргізуге шешім қабылдаған. Оның үстіне көктемде Түркіменстанда "коронавирус" сөзін қолдануға ресми түрде тыйым салынған еді. Алайда, 23 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының алдында сөйлеген сөзінде Гурбангулы Бердімұхамедов мәселенің маңыздылығы мен ауқымын мойындады. Ол "коронавирус пандемиясының әсерінен ажал құшқан планетаның тұрғындарына" қатты қайғыратынын жеткізді.

"Бүгін ХХІ ғасырда адамзат бетпе-бет келген жаңа қауіп туралы айтуға мәжбүрміз. COVID-19 аздаған уақыттың ішінде шекаралар мен ұлыстарды мойындамайтын және барлық салаларға кері әсер ететін әлемдік ауқымдағы алапат күшке, қазіргі уақыттағы ең қатерлі сынаққа айналды", – деді Түрікменстан президенті.

Сонымен қатар, ол дәрігерлерге және әлемнің әр түкпіріндегі коронавирус індетінен құтқаруға атсалысқан адамдарға шексіз алғысын білдірді. Алайда, Азаттық радиосының хабарлауынша, Түркіменстан қиын жағдайда аурудың таралуын болдырмауға тырысып жатқан медицина қызметкерлеріне қосымша ақы төлемейген. Оның үстіне, Түркіменстан тұрғындарын ДДСҰ-ның ұсынысы бойынша емес, ауа шаң болғандықтан, маска тағуға мәжбүрлейді екен. Бердімұхамедов өз сөзінде Түркіменстанда инфекцияның таралуына тоқталмады.

Еске салсақ, Түркіменстан билігі республиканың Қылмыстық кодексіне өзгерту енгізді. Енді "қауіпті жұқпалы аурулардан" емделуден жалтарғандар немесе ауруханадан қашқандар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Оған қоса, Түркіменстанның Мары уәлаятында медициналық маска тақпағаны үшін салынған айыппұлды төлей алмағандарды мақта теруге жіберіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876272-covid-19-trkimenstan-prezidenti-pandemiany-kaupin-akyry-mojyndady/

pixel