Өзбекстан қазағы отандастарынан көмек сұрайды
Жарияланған күні:
Өзбекстанда тұрақтанған қазақ жігіті қазақстандықтардан көмек сұрайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жақсылық Жорықбаев екі жылдан бері Өзбекстандағы Ширшик қаласында қазақтың мәдени орталығын салып жатыр. Кәсіпкердің басты мақсаты қазақ дәстүрлері мен мәдениетін таныту. Өйткені, оның есебінше, мұнда 25 мың қазақ тұрады деп хабарлайды "Хабар 24".
Алайда қаражат тапшылығынан құрылыс жұмыстары тоқтап қалған. Қазақ мәдени орталығының төрағасы Жақсылық Жорықбаевтың айтуынша, жоспарға сәйкес ғимараттың бірінші қабатында қазақтың ұлттық мұражайы болуы керек болған. Ал екінші жартысында жас қыздарды қазақтың ұлттық тағамдарын пісіруге үйрететін үйірме жасалмақ.
Орталықтың екінші қабатында Жайдарман ойнап, би, домбырада ойнау секілді үйірмелер болады деп жоспарланған. Сонымен бірге фольклорлық ансамбль ашу көзделген.
Ширшик қаласының тұрғыны Мұқан Ментаевтың атуынша, мәдени орталық тек Ширшик қаласының ғана емес, көрші елдердің аумағында мұндай орталықтар жоқ болғандықтан, жалпы Өзбекстандағы қазақтың ұлттық орталығы бола алады.
Мұқан Ментаев отандастарынан көмек сұрап, өтініш жасады.
"Егер біздің Қазақстандағы қандас бауырларымыздың арасында біздің бастаманы қолдағысы келгендер болса, біз шексіз алғыс айтар едік. Өйткені олар осы арқылы бізді емес, Өзбекстанда тұратын барлық қазақтарды қолдайды", - деді Мұқан Ментаев.
Жақсылық Жорықбаевтың орталық салу үшін бизнесін сатып, банктен несие алғаны белгілі болды.
"Мен құрылысқа 120 мың доллардан көп жұмсадым. Жұмысты аяқтау үшін тағы 30 мың жетпейді. Егер Қазақстан халқы бізді қолдаса, біз өте көп күш жұмсаған жобаны жүзеге асыра аламыз", - деді ер адам.
Еске сала кетсек, Өзбекстанда астана маңында жаңа спутниктік қала және индустриалды аймақ салынуы мүмкін екенін жаздық. Жоба бойынша бұл аумақтардың кейбір учаскелері Қазақстанмен шектеседі.
Сондай-ақ, бұған дейін Өзбекстанда коронавирустың салдарынан той-думан агенттіктерінің жабылып жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1876557-zbekstan-kazagy-otandastarynan-kmek-srajdy/