Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның алты облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

Опубликовано:

1465162
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында еліміздің алты облысында құс тұмауына байланысты карантин енгізілгенін мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ақпарынша, 30 қыркүйекте 7 облыстың 41 ауданындағы 99 елді мекенде құстардың қырылуы тіркелген. Осы уақытқа дейін республика бойынша құс тұмауына байланысты 329 650 бас құс қырылып, тәркіленіп, жойылды.

"Жоғары патогенді құс тұмауы расталған СҚО, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Жамбыл облыстарының аудандарында тірі құс пен құс өнімдерін тасымалдауға уақытша шектеулер қойылды", – деді ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Тұрсын Қабдұлданов.

Сондай-ақ, ол аталған облыстардың жоғары патогенді құс тұмауы расталған 24 ауданының 46 елді мекенінде карантин енгізілгенін мәлімдеді.

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысында 184 мыңнан астам құс қырылып, соған байланысты аймақтағы 18 ауыл карантинге жабылған болатын.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының үш ауылында құс тұмауының өршуіне байланысты карантин жарияланды.

Бұған дейін Қостанай облысында құс тұмауының өршуіне байланысты үш ауданның карантинге жабылғанын жазған едік.

Сондай-ақ Қостанай облысы Арқалық қаласындағы құс фабрикаларының бірінде 500 мыңнан астам тауық пен балапанның құс тұмауына байланысты жойылаты мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877334-kazakstanny-alty-oblysynda-ks-tmauyna-bajlanysty-karantin-engizildi/

pixel