RU

Бразилия тұрғыны әйелі ауруханада жатқанда өз енесіне үйленген

Ғашықтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Бразилиялық Камилла де Мело күйеуі мен анасы тойларын өткізген сәтте ауруханада өмірмен күресіп жатқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

78 күннен кейін қарқынды терапия бөлімінен шыққан әйел бар шындықты тек сол кезде біліпті деп жазады Mirror Online.

Туған анасының қылығы оны қатты күйзелткен. Камилланың сөзінше, ол анасын енді ешқашан кешіре алмайды.

Бразилиялықтың айтуынша, ол жасөспірім кезінде анасының онымен бәсекелесе бола бастағанын байқапты. Әйел Камилладан небәрі 20 жасқа үлкен екен. Ол қызының іс-әрекеттерін бағаламай, үнемі оны басып, өзімен салыстыра беріпті.

Камилла 25-ке келгенде өзінен 10 жасқа үлкен ер азаматқа тұрмысқа шығып, 2013 жылы ұлды болған.

2017 жылдың соңында әйел ауруханаға жатқызылды. Ал анасы осы уақытта күйеу баласы мен 4 жасар немересіне "қамқорлық" жасамақ болған. Ол кезде әйел Камилланың әкесімен некеде болған, олардың да кішкентай ұлдары бар.

Камилла аруханада жатқан кезде күйеуі оған екі рет қана барған, ал анасы қызының халін білуге мүлде келмеген. 2018 жылдың наурыз айында әкесі оны ауруханадан алып кетуге келіп, жағымсыз хабарды жеткізді.

Осыдан кейін Камилла бірден анасына хабарласып, мұның қаншалықты рас екенін анықтамақ болған. Анасы өз кезегінде жаңалықты растап, жаңа жарымен бақытты екенін алға тартыпты.

Қазір де Мело жаңа сүйіктісімен қарым-қатынас құруда. Оның ұлы бұрынғы күйеуімен аптасына бір рет көрісіп тұрады екен.

Естеріңізге сала кетейік, күйеуінің опасыздығын білген әйел жолдасынан ерекше жолмен кек алғаны туралы жазған едік.

Айта кетейік, бұған дейін Израильде көңілдесі бар екенін үйіндегі тотықұс айтып қойған ер адамның әйелімен ажырасып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877409-brazilia-trgyny-jeli-auruhanada-zatkanda-z-enesine-jlengen.html