jitsu gif

Тотықұсы көңілдесі барын айтып қойған азамат әйелімен ажырасып тынды

Тотықұс
Көрнекі фото: tv.ua

Израильде ерлі-зайыптылар үйіндегі тотықұстың сөздерінен кейін ажырасып жатыр. Тотықұс қожайынының көңілдесі барын айтып қойған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы newsru.co.il сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті "Мако" сайтының мәліметіне сәйкес, оқыс жағдай Израильдің оңтүстігіндегі елдімекендердің бірінде болған. 50 жастағы ерлі-зайыптылар сырт көзге бақытты болып көрінгенімен, ақыры ажырасуға бел буыпты.

Бұған 15 жастағы Жако есімді тотықұстың сөздері себеп болған. Жако отбасындағы барлық адамдардың және көршілердің есімін жатқа білген екен.

Тотықұстың қожайыны фирмасындағы жаңа хатшыны көңілдесіне айналдырады. Ол хатшы қызды үйінің қабырғасына жапсыра салынған үйге шақырып отырған көрінеді.

Қабырға жұқа болғандықтан, тотықұс олардың әңгімесін естумен болып, қожайынының көңілдесінің есімін жаттап алады.

Ер адамның жары тотықұс бөгде әйелдің есімін атап жүргенінен күдіктеніп детектив жалдайды. Жеке детектив әйелдің күдігін растап, оған күйеуінің "қылмыс үстіндегі" суреттерін ұсынады.

Әйел ажырасу үшін сотқа жүгініп, күйеуінен миллиондаған өтемақы талап етті. Сол арада ер адам ажырасуды қаламайтынын алға тартып, әйелінен кешірім сұрайды.

Тотықұстың сөзқұмарлығынан опасыздығы жария болған азамат ендігі қателікке бой алдырмайтынын айтып, ант-су ішіпті.

Еске салсақ, бұған дейін 15 баланың ата-анасы атанған Солтүстік Каролина тұрғындары 16-шы баласының дүниеге келуін күтіп жүргенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, өзін әбден мезі еткен шыбынды өлтірмек болған зейнеткер үйін жарып жібергенін жазған едік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.