Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

LRT ісі: 5,8 млрд теңге жымқырғандарға қатысты іс сотқа жолданды

Опубликовано:

Судья
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд теңгені жымқыру фактісі бойынша елорда әкімдігінің, "Астана LRT" ЖШС және басқалардың лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ведомство Telegram арнасында сотқа 7 адам берілгенін хабардар етті. Сонымен қатар, Қ.Сұлтанбеков және Т. Арданға "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеу салынғаны айтылды.

"Айыпталушылардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот анықтайды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының тәртібімен және тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "Astana LRT" ісі бойынша ауқымды тергеуге қатысты жаңа мәліметтерді хабарлаған еді. Тергеу жобадағы миллиардтаған ұрлықты ашып, іс бойынша күдікті деп танылған бес адамды қамауға алды.

Сондай-ақ, Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан Уранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде Нұр-Сұлтандағы жерүсті метросының құрылысына қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1877529-lrt-isi-58-mlrd-tege-zymkyrgandarga-katysty-is-sotka-zoldandy/

pixel