RU

«Қайрат» ҚПЛ матчында «Астананы» ойсырата жеңді (фото, видео)

Қайрат
Фото: instagram.com/pflkaz

Алматылық «Қайрат» өз алаңында астаналық клубты 3:0 есебімен жеңді. Ойын Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы туры аясында өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sports.kz хабарлағандай, ойын «Қайрат» үшін де, «Астана» үшін де маңызды болды. Бірінші таймда-ақ алғашқы гол соғылған. Гол авторы - Гүлжігіт Алықұлов. Алматылықтар екінші таймның басында гол санын ұлғайтты. Мұны Айбол Әбікен ойынның 47-минутында жасады.

Алықұловтың соққысынан кейін 2 минут өткенде доп Урош Радаковичтің аяғына тиіп, торға дөп түсті - автогол.

Нәтижесінде «Қайрат» 29 ұпаймен бірінші қатарға жайғасса, көшбасшыдан 8 ұпайға артта қалған «Астана» екінші орынды қанағат тұтқан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Қазақстан UEFA рейтингіндегі жағдайын өзгерте алмағанын жазған едік. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңдерінің матчтары аяқталғаннан кейін Қазақстан UEFA коэффициенттері рейтингінде 27-орынды сақтап қалған. Швейцарияның Женева қаласында UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды.

Одан бөлек, "Астана" 6 жылдың ішінде алғаш рет еурокубоктардың топтық кезеңіне өте алмағанын жазған болатынбыз. Елорданың "Астана" футбол клубы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында черногориялық "Будучност" командасынан жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалған еді. Ойынның бірінші таймын қонақтар сәтті өткізе алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1877735-kajrat-kpl-matcynda-astanany-ojsyrata-zedi-foto-video.html