RU

Жұмыс тапқанына қуанғаннан билеп жіберген үйі жоқ ару желі жұлдызына айналды (видео)

Ару
Фото: dakara_spence

АҚШ-тың Джорджия штатында 21 жастағы үйі жоқ келіншек жұмысқа тұрған кезде қатты қуанғаны соншалық, шаттықтан билеп жібереді. Бұл сәт бейнакамераға жазылып қалып, ару желі жұлдызына айналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Жұмысқа орналасқанын білген 21 жастағы үйі жоқ бойжеткен Каджалла Джонс автотұрақта билеуге кіріседі.

Бұл жайттың видеосы ғаламторға тарап, Джорджия штатындағы Атланта қаласында тұртаны ару желі жұлдызына айналған.

Джонс екі жылдан бері үйсіз жүр. CBS телеарнасының хабарлауынша, бойжеткен пандемия салдарынан бірнеше рет жұмысынан айырылып, қиын жағдайға түскен.

Дакар мейрамханасының иесі Спенс Каджалланы жұмысқа қабылдап, бүгінде 21 жастағы ару онда даяшы болып жұмыс істейді.

Instagram желісінде видео 1,2 миллион қаралым жинаса, тағы 1,5 миллион қаралым TikTok пен Twitter-де жиналған.

Журналист Джейми Кеннеди Каджалламен және оның жұмыс берушісімен сұхбаттасып, бойжеткеннен танымал биін орындап беруді сұрады.

Еске салсақ, бұған дейін біз норвегиялық суретші ананың өмірін шынайы бейнелей алғанының арқасында жұрттың ерекше сүйіспеншілігіне бөленгенін жазған едік.

Одан бөлек, Ұлыбританияның әлеуметтік желі қолданушылары қонақтарды чипсымен тойдырмақ болған жас жұбайларды қызу талқыға түскенін жазған болатынбыз. Жас жұбайлардың құрбысы жұпыны дастарханның суретін желіде жария етіп, ойын ортаға салған. Ол тойда, тіпті орындықтар қарастырылмағанын есіне алды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1878410-zmys-tapkanyna-kuangannan-bilep-zibergen-ji-zok-aru-zeli-zldyzyna-ajnaldy-video.html