jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Аналардың өмірін шынайы бейнелей алған суретші жұрттың жүрегін елжіретті

Ана
Фото: 4tololo.ru

Норвегиялық суретші ананың өмірін шынайы бейнелей алғанының арқасында жұрттың ерекше сүйіспеншілігіне бөленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 4tololo.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Түн ұйқысын төрт бөлген ананың өмірін шынайы бейнелей білу де - ерекше өнер. Себебі, ана атанудың астарында үлкен еңбек пен зор махаббат жатыр. Шыр етіп дүние есігін ашқан нәресте анасының ақ сүтінен нәр алып, аялы алақанында ер жетеді.

Ана
Фото: 4tololo.ru

Осы орайда, Абель есімді баланың анасы атанған норвегиялық суретші Джейд Нордал аналардың күнделікті орасан зор еңбегі мен сүйіспеншілікке толы тыныс-тіршілігін көрсету мақсатында қолына қылқалам алады.

Ана
Фото: 4tololo.ru

Әйелдің ана өмірін шынайы көрсеткен суреттері көпшілікті тәнті еткен. Олар бұл суреттерден өз өмірінің бір бөлшегін көргендей болғанын жарыса жазуда.

Ана
Фото: 4tololo.ru

Жұрттың таңдайын қақтырған суретшінің туындыларын сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.

Ана
Фото: 4tololo.ru

Еске салсақ, бұған дейін біз ерекше әкелік махаббат туралы жазған болатынбыз. Мәселен, жақында Қытайда қызын балабақшаға берген әкенің еңіреп жылаған сәтін көрсеткен видео көпшіліктің қызу талқысына түскен еді.

Ана
Фото: 4tololo.ru

Одан бөлек, қызына тосынсый жасамақ болған ер адам гелий толы шарлармен әуеге қалықтап ұшып кеткенін жазған едік. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұратын 47 жастағы Дэвид Блейн есімді азамат гелий толы шарлардың көмегімен әуеге қалықтап ұшқан. Оның бұл әрекеті әлем назарына іліккен болатын.

Ана
Фото: 4tololo.ru

Ана
Фото: 4tololo.ru

Ана
Фото: 4tololo.ru

Ана
Фото: 4tololo.ru

Аналардың өмірін шынайы бейнелей алған суретші жұрттың жүрегін елжіретті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.