RU

"Ескірмеген махаббат": Айдарбекова жолдасын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер
Фото: Instagram/aidarbekov_nurtas

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова өмірлік серігін туған күнімен құттықтап, желіде оған жүрекжарды жазба арнады. Ол жолдасына деген ақ тілегі мен өшпес сезімін білдірген. Қайрат Нұртастың анасы отағасын қуанту үшін Дубайдағы демалысын тоқтатып, елге қайтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова күйеуінің туған күнінде одан алыста бола алмағанға ұқсайды. Белгілі продюсер атаулы шарада отағасының қасында табылу үшін демалысынан елге оралуды жөн көрген.

Қайрат Нұртастың анасы өмірлік серігі екеуінің махаббаты мүлдем ескірмегенін алға тартты. Ерлі-зайыптылар әлі күнге дейін арадағы жылы сезімді сақтап келуде. Оған олардың фото және видеожазбалары дәлел болмақ.

Шоу-бизнес өкілі жолдасының туған күніне орай Instagram парақшасында жүрекжарды жазба қалдырып, екеуінің ерекше видеосымен бөлісті.

"Арқа сүйер, асқар тауым, туған күніңмен! Деніңе саулық, ғұмырлы өмір тіледім! Алматыдан ұшып, тура 12:00 де түстім. Ескірмеген махаббат деп осыны айтыңыз. Абыроймен бір жастықта қартайып, ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің қызығын көріп, шөбере-шөпшек сүюді жазсын Алла! Бұл видео 2 жыл бұрынғы Германиядағы естеліктен, құттықтап үлгерейін деп асығыс дайын ескі видеоны салдым. Өткен күндердің бәрі тарих" , - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

Гүлзира мен Нұртас Айдарбековтер жиі бірге саяхаттап, демалыстары қалай өтіп жатқанын үнемі оқырмандарымен бөліседі. Олар өз кезегінде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сезімі бірден байқалатынын жазады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878478-eskirmegen-mahabbat-ajdarbekova-zoldasyn-tugan-knimen-erekse-kttyktady-video.html