RU

БАҚ: Сооронбай Жээнбеков жоғалып кетті

Сороонбай
Фото: president.kg

Қырғызстанның өзін-өзі тағайындаған ішкі істер министрі Курсан Асанов президент Сооронбай Жээнбековтің қазір қайда екенінен бейхабар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 24.kg-ге сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Курсан Асанов президент Сооронбай Жээнбековтің және әлі күнге дейін отставкаға кетпеген Ішкі істер министрі Қашқар Джунушалиевтің қайда екенін білмейді.

Бұл туралы ол бүгін Бішкекте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып хабарлады.

"Шынымды айтсам, мен қазір басқа мәселелермен, яғни Бішкекте тәртіп орнату мәселесімен айналысып жатырмын. Көріп отырғаныңыздай, кешеден бастап біз ерікті халық жасақтарымен бірге қаладағы жағдайды бақылауға алып, талаушылықтың алдын алдық. Біз сол бойынша жұмыс жасай береміз. Мен Жээнбеков пен басқаларды өзге құрылымдар іздестіруде деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кетейік, ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Курсан Асанов 6 қазанда қаланың коменданты болды.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған көңілі толмаған тұрғындар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Наразы жұрт Ақ үйді басып алып, сонымен қатар қамауда отырған елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бостандыққа шығарып алды.

Бастапқыда шерушілердің полициямен қақтығысынан 120-дан аса адам зардап шеккені хабарланды.

Кейінірек наразылық акциясынан зардап шеккендердің саны өскені, бір адамның қайтыс болғанын хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878565-bak-sooronbaj-zeenbekov-zogalyp-ketti.html