jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Бішкектегі наразылық акциясынан жүзден астам адам зардап шекті (фото, видео)

Фото
Фото: Sputnik/Светлана Федотова

Бішкектегі ауруханаларда қақтығыстан зардап шеккен қырғызстандықтарды қабылдау жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қырғызстан агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, Бішкектегі травматология және ортопедия ғылыми орталығына жарақат алған 70-ке жуық адам түскен.

Ал елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, түн ортасында зардап шеккендердің саны 122-ге жеткен.

Фото
Фото: Sputnik/Светлана Федотова

Медициналық мекемеге негізінен жарақат алған құқық қорғау органдарының қызметкерлері жеткізілген.

Ауруханаға түскендердің арасында жағдайы ауырлар да бар. Бес адам жансақтау бөлімінде жатыр.

Бейбіт тұрғындардың ішінде шулы гранатадан зардап шеккен тұрғын да бар. Ол аяғынан жарақат алған. Сонымен қатар, резеңке оқтан жараланған азаматтар да медициналық мекемеге түсуде.

"Короче" telegram-арнасының хабарлауынша, Бішкек көшелерінде қақтығыстар жалғасып жатыр. Бір топ полиция қызметкерлері демонстранттардан шегінуге мәжбүр болған.

Шерушілердің құқық қорғау органдарына қарсы "Молотов коктейлдерін" қолданғаны туралы ақпарат бар.

Айта кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған 16 партия қатысқан болатын.

Азаттық мәліметінше, нәтижесінде парламентке өту үшін қажетті дауыс мөлшерін төрт партия ғана жинай алған. Олар "Биримдик", "Мекеним Кыргызстан", "Кыргызстан" және "Бутун Кыргызстан" партиясы.

Жаңа құрылған билік партиясы – "Биримдик" 24,5 пайыз дауыс алса, "Мекеним Кыргызстан" - 23,88, "Кыргызстан" 8,76 пайыз дауыс жинаған.

Оппозициядан жалғыз "Бүтүн Кыргызстан" партиясы ғана 7,13 пайыз дауыспен межеден өте алған. Додаға түскен қалған 12 партия парламентке өтпей қалған.

Алайда сайлау нәтижесіне көңілі толмаған қырғызстандықтар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, наразы топ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алған.

Сонымен қатар Ақ үйді басып алған.

Бішкектегі наразылық акциясынан жүзден астам адам зардап шекті (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.