RU

Үштөбедегі 2 жасар сәбидің өліміне қатысты қорқынышты жайттар анықталды

Күдікті
Скриншот: polisia.kz

Алматы облысы Үштөбе қаласында екі жасар сәбиді туған анасы өлтірді деп күдіктелуде. Бұл қорқынышты жайттың мән-жайы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

«Еуразия» бірінші арнасы хабарлағандай, дереу іске кіріскен полицейлер күдктінің кім екенін анықтаған. Қатыгез ана баласын жастықпен тұншықтырып өлтірген көрінеді. 27 жастағы келіншектің бұл қылмысын әпкесі әшкерелеген екен.

Баласын өлтірді деп күдіктелген Үштөбе қаласының тұрғыны сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмысты жасыру үшін әйел баланың денесін мұздатқыш камераға тығып қойған.

Сәбидің мәйіті мұздатқышта қанша уақыт болғандығы әлі анықталған жоқ. Тек бірнеше апта жатқан болуы мүмкін деп топшылануда.

Бұл қылмыс тәжірибелі полиция қызметкерлерін де есеңгіретіп тастады. Тергеу барысында әйел нәрестемен нақты не істегенін көрсетіп, айтып берген. Ол алдымен баласын тербетіп, ұйықтатқан.

«Содан кейін жөргекті алып, оны кесіп, тамағына байлап, жастықпен жауып, тұншықтыра бастадым», - деп қылмыс сәтін еске алды күдікті.

Одан соң күдікті ұлын мұздатқышқа салғанын мойындап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін мұздатқыштан табылған 2 жасар бала жайлы оның көршісі айтып бергенін жазған едік.

Одан бөлек, Алматы облысының Үштөбе қаласында 27 жастағы әйел екі жасар баласын өлтірді деген күдікпен қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878713-stbedegi-2-zasar-sbidi-limine-katysty-korkynysty-zajttar-anyktaldy.html